Алматы облысында «Жасыл ел» жасағының жаңа маусымы ашылды

18 сәуір 2017 , 10:28 · 431 қараулар

14- 15 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округі, Әулиеағаш ауылында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХІІІ маусымының ашылу салтанаты өтті.

Бұл шараға Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы қолдау көрсетті.

Іс-шараға «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Бахтияр Уалиханұлы Жаксикельдинов, ауыл ақсақалдары мен студент жастар қатысып, ауыл көшелеріне 50 көшет отырғызды.

Шара соңында «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиал төрағаларының қатысуымен Елбасының жаңа бағдарламалық мақаласын талқылау жиыны өтті. 

« Кері қайту