Алматы облысында «Еркін пікір» клубының отырысы өтті

19 сәуір 2017 , 11:52 · 325 қараулар

Бүгін «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» клубының отырысы аясында жастар ісі жөніндегі комитетімен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар ісі жөніндегі комитет жұмысын үйлестіру, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға ықпалдасу, спорттық, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру.

Кездесу барысында Алматы облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Бахтияр Уалиханұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын сөзге тірек етті. Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысын бағалайтын жұмыс ережесі баршаға ұсынылды. Кейін жастар ісі жөніндегі комитетті жетекшілерінің ұсыныстары тыңдалып, ЖІК жұмысын жаңдандыру аясында қоян-қолтық жұмыс жасауға бел буатындарын жеткізді.

« Кері қайту