Алматы облысында ұлттық ойындардан жарыс өтті

20 сәуір 2017 , 9:52 · 316 қараулар

«Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығының ұйыдастыруымен облыс жастары арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті.

Шара барысында аудан, қалалардан келген жастар арасында қол күрес, арқан тарту, тоғыз құмалақ, кір тасын көтеру, домбырамен дәстүрлі ән айту сияқты ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, нәтижесі бойынша сыйлықтармен арнайы алғыс хаттар табысталды.

Шараның мақсаты қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ұлттық спорт ойындарын жастар арасында қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт ойындарын жаңғырту болып табылады.

« Кері қайту