«Жастар әзіл шоуының» 1/8 финал ойындары өтті

20 сәуір 2017 , 17:40 · 1116 қараулар

19-20 сәуірде «Қазмедиа Орталығы» концерт залында «Жастар әзіл шоуының» 1/8 финал ойындары өтті. Жобаның ұйымдастырушысы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ.

Еліміздің әр аймағынан келген үздік командалар «Сборная Костанайской области и город Коргалжын», «Голливуд», «Сборная Алматы», «Город Туркестан», «Сборная ВКО», «Сборная ЕНУ», «Академия кино и телевидения», «Хочу в Жамбыл», «Томирис» әзіл-сықақ  жарысында  жүзден жүйрік болып атану үшін бәйгеге  түсті. Еске сала кетейік, іріктеу ойындарының нәтижесі бойынша төрешілер алқасы маусымға қатысуға 5 команда таңдаса, ұйымдастырушылар тобы 4 команда таңдаған болатын.

«Жастар әзіл шоуының» жүргізушісі белгілі шоумен Дәуіт Шайхисламов қатысушыларды қолдап, көрермендердің көңілін таба білді.

Бақ сынасқан командалардың ойын деңгейін қазылар алқасы: олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, қоғам қайраткері Нұрлан Өтешов, «Хабар» телеарнасының тележүргізушісі Майя Бекбаева, тележүргізуші, квн-шы  Ярослав Мелехин, продюсер Мақсат Мамраимов және әнші Айқын Төлепберген бағалады.

Шоу ережесіне сәйкес, командаларға 40 мың, 25 мың және 10 мың теңгелік сертификаттар таратылады. Ойын соңында төрешілер алқасы ұнаған командалар арасында сертификаттарды бөлді. 1/8 финал екі ойындарының нәтижесі бойынша қоржынына аз ақша жинаған «Академия кино и телевидения» командасы маусымнан шықты. Айта кету керек, командалардың маусым аясында әр байқауда жинаған сертификаттары қосылып, финалда қолма-қол ақшаға айырбасталады. «Жастар әзіл шоуының» жүлде қоры 5 миллион теңге.

«Жастар әзіл шоуы» –  жастардың қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін жаңа өнер алаңы болатын ең ауқымды әзіл шоу.

Ойынның трансляциясын қазақстандық теледидар флагманы «Хабар» телеарнасы өткізеді. «Жастар әзіл шоуы» 21 сәуір, 28 сәуір және 5 мамыр күндері Астана уақытымен сағат 21.30 эфирге шығады. 

« Кері қайту