Алматы облысында «Мемлекеттік қызмет менің таңдауым» атты флешмоб өтті

20 сәуір 2017 , 16:09 · 324 қараулар

Талдықорған қаласында жоғарғы және арнаулы оқу орындарының студенттері және мектеп оқушыларымен белсенді жастардың қатысуымен «Мемлекеттік қызмет менің таңдауым» атты  флешмоб өтті. Шара ұйымдастырушысы Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және Алматы облысының жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы.

Флешмоб барысында жастар әр түрлі билер биледі. Биді яғни флешмобты қаламыздың атақты бишісі «Arlan Family» би тобының жетекшісі Дүйсеков Айдын басқарды, ол жас бишілерімізге әр түрлі қимылдар үйретіп, жастарға шабыт бере отырып флешмобты қыздыра түсті. Бұл бидің бір ерекшелігі бишілер арнайы қолшатыр қолдану арқылы биледі. Аспан түстес көк қол шатырлар биге одан әрі көрік бере түсті.

Флешмобқа 4500 мың адам қатысқан болатын. Осылайша жастардың биге деген қызығыушылығы жыл санап артып келе жатқанын көрсетті. Жастар бидің денсаулыққа пайдалы бір спорт түрі екенін ұғынып бар ынта ниеттерімен бұл шараға қуана атсалысты. Би халықтың, келген көрерменнің көңілінең шығып,қошеметке ие болды.

Шараның соңында Айдын Дүйсеков жастарға, флешмобқа қатысушыларға алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта бұндай шаралардын көп болатындығын айтты.

« Кері қайту