Алматы облысында III-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

21 сәуір 2017 , 17:27 · 355 қараулар

«Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың III-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 Конференция жұмысының  негізгі бағыттары келесілер:

1. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері;

2. Қазіргі тіл біліміне, әдебиеттануға, педагогикаға және психологияға  жаңаша көзқарас;

3. Қолданбалы зерттеулер мен білім берудегі  жаңа ақпараттық-математикалық технологиялар;

4. Қазақстан және әлемдік экономикадағы өзекті мәселелер;

5. Жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің мүдделерінің құқықтық қорғалуы.

Конференция жұмысына секция бағыттарында көрсетілген ғылым салалары бойынша  Қазақстан Республикасы, алыс-жақын шет елдерінің (Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және АҚШ) студенттері, магистранттары мен докторанттары,  аспиранттары, ізденушілері  және жас ғалымдары қатысты.

« Кері қайту