«Жастар – Отанға» жобасы аясында жасотандықтар балалар үйіне барып қайтты

24 сәуір 2017 , 17:20 · 323 қараулар

22 сәуір күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-і жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ы бастауыш бөлімшесінің белсенді жастары Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйіне барып қайтты.

Белсенді жастар балаларға түрлі ойындар ойнатқызып, дайындаған концерттік бағдарламаларын қөрсетіп, азын-аулық сыйлықтарын тарту етті.  Аталмыш шара - әркімнің де жақсылық жасай алатындығын білдіртеді.

Тәрбиешілердің айтуынша, жүздерінен шаттық ұялаған балалардың қуанышы ұзаққа дейін сейілмеді. «Сондықтан да, қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырда «жақсылық» деген теңізге тамшыдай болсын, бір үлес қоссақ нұр үстіне нұр болар еді» - деді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-і жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ы бастауыш бөлімшесінің жетекшісі Қ.Баспақбаев

Сондай-ақ, белсенді жастарға қаржылай қолдау көрсеткен жанашыр кәсіпкер Зумира Бацаловаға алғыс білдіреміз.

« Кері қайту