«Каравай» нанзауытында ашық есік күні өтті

27 сәуір 2017 , 9:28 · 253 қараулар

Сәуірдің 27 күні ШҚО білім басқармасы мен «Жас Отан» ЖҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы «Каравай» нанзауытында қалалық №22, №32 орта мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.

Шараның мақсаты – «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында жас мамандар, ЖОО мен ТжКБ түлектері қатарындағы жетім балалар және ҰБТ тапсыру кезінде шекті деңгейге жете алмаған түлектерді еңбекке әлеуметтендіру.

Келген түлектерді зауыт мамандары құшақ жая қарсы алып, зауыт өмірімен таныстырды. 43 жыл еңбек өтілімі бар бас технолог Сарычева Тамара Михаиловна за зауытта экскурсия жүргізіп, нан даярлау жұмысының қызығы мен шыжығына ерекше тоқталып өтті және болашақта әріптес болу мүмкіншіліктерінің барына сенім білдірді. Оқушылар қызықты кездесуге ат салысқан зауыт ұжымына өздерінің алғыстарын білдірді.

Алдағы уақытта да осындай шара аясында бекітілген бірқатар кәсіпорындарда ашық есік күндері жалғасын табатын болады. 

« Кері қайту