«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында саясаткермен салиқалы кездесу өтті

26 сәуір 2017 , 9:48 · 243 қараулар

26 сәуір күні «Жас Отан» ЖҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Орал қалалық мәслихатының хатшысы Әубекеров Аққали Үмбетқалиұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында мәслихат хатшысы өзінің қызмет жолы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жайында жастарға кеңінен түсіндіріп берді.

«Жас саясаткерлер» мектебінің тыңдаушылары: депутаттың негізгі статусы қандай болу керек? Еліміздегі жазу үлгісінің кириллицадан латын әліпбиіне ауысуы жөнінде ойыңыз қандай? Халық арасындағы өзекті мәселе қандай ? сынды сауалдарын қойып, депутат тарапынан мардымды жауаптар алды.

Шара соңында Аққали Үмбетқалиұлы жастарды рухани-адамгершілік, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, аға ұрпақтан жастарға мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеу туралы жастармен ой бөлісті.

« Кері қайту