Көкшетауда облыстық мәслихат депутаты консалтинг-орталықта қабылдау өткізді

26 сәуір 2017 , 12:03 · 166 қараулар

2017 жылдың 25 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ «Жастар - Отанға!» атты жобасын жүзеге асыру аясында азаматтарды қабылдау күнін өткізді.

Ақмола облыстық маслихат депутаты, «Гормолзавод» ЖШС директоры Жақсылықов Асен қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін өз назарында тұрғандығын айтты.

«Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының төрағаның орынбасары Самира Тәйтенова жастар мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, «Жас Отан» ЖҚ жаңа жобалар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ және «ДАМУ» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» өкілдері жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы жалпы түсіндіруді жөн көрді. Жалпы қабылдау уақытында 50-ден астам тұрғындары шағымданған болатын. 

« Кері қайту