«Жас Отан» жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық Кеңес отырысы өтті

4 мамыр 2017 , 10:23 · 205 қараулар

2017 жылдың 3-мамыр күні «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановтың төралығымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау негізінде «Жас Отан» ЖҚ облыстық Кеңес отырысы өтті. Отырыс аясында 2017 жылдың І тоқсаны бойынша «Жас Отан» ЖҚ ШҚОФ қала, аудан бөлімшемелерінің атқарған жұмысы бойынша есеп берілді.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны  - 318119 мың адам. Бұл жалпы халықтың 27%-ын құрайды. Айта кетсек, оның ішінде 87743 студент, 74550 мектеп оқушылары, 103228 мың жұмысшы жастар санатындағы жастар. Ал «Жас Отан» ЖҚ-ның мүшелер саны 16835-ден асты. Оның ішінде: 29,88 %-ы студент жастар, 8,84 %-ы жұмысшы жастар, 4,64 %-ы жергілікті атқарушы органдар өкілдері, 9,2 %-ы барлық деңгейдегі депутаттар, 11,71 %-ы білім және ғылым өкілдері, 4,58 %-ы денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, 6,69 %-ы шаруа қожалықпен, фермерлікпен айналысатындар, 5,38 %-ы шағын жіне орта бизнес өкілдері, 5,18%-ы спортшылар, 5,72%-ы мәдениет саласынан болса, басқалары 8,18%.-ын құрайды. Сондай-ақ, «Жас Отан» ЖҚ ШҚОФ-ында 15 аудандық және 4 қалалық бөлімшелер, ЖОО мен арнайы оқу орындарының жанынан құрылған 44 бастауыш бөлімшелер өз жұмыстарын атқаруда.

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов және «Жас Отан» ЖҚ ШҚОФ төрайымы Маржан Бахыт әр ауданнан келген «Жас Отан» ЖҚ бөлім жетекшілерінің атқарған жұмыс нәтижелерін тыңдап, жетекшілер ұсынған материалдық-техникалық база, қаржы мен штаттағы жұмыскерлер тапшылығы мәселелелерін ортаға салып талқылады.

Қала, аудандық бөлімшелер І тоқсан жұмысының қорытындысы бойынша  алғаш рет рейтингтік көрсеткішпен бағаланды. Нәтижесінде, алғашқы бестік «Жас Отан» ЖҚ ШҚО Аягөз аудандық бөлімшесі, Зайсан, Жарма аудандық және Семей, Өскемен қалалық бөлімшелерінің үздік жұмыстарын атап өтуге болады. 

« Кері қайту