Астана қаласының Жастар мәслихаты депутатары Назарбаев университетінде кездесу өткізді

4 мамыр 2017 , 11:34 · 161 қараулар

Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы Назарбаев университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жайлы университет студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде Астана қаласының Жастар мәслихатының депутаттары Сержан Кенжебек пен Сапаралы Алтынбек Елбасы мақаласындағы бағдарламаларды атқаруда жастарға жүктелген жауапкершіліктің үлкен болғанын айтып, жастарды біріге жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, «Гүлдене бер, Туған ел» партиялық жобасы аясында «Жасыл ел» Студенттік жастар жасақтары мен Студенттік құрылыстың атқарылар жоспарлары туралы айтып өтті.

Іс-шараға қатысқан студент жастар Елбасы мақаласына орай сұрақтарын қойып, бағдарламалық мақала жайлы толық мәлімет алды.

Кездесу естелік суретке түсу рәсімімен тәмәмдалды.

« Кері қайту