Талдықорған қаласында аула командалары арасында мини-футболдан жарыстар бастау алды

5 мамыр 2017 , 9:29 · 262 қараулар

2017 жылы 4 мамырда «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында,  мини-футболдан аула командалары арасында жарыс өткізілді. Ойын «Болашақ» спорт алаңында болды. Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жиі дене-шынықтырумен айналысуына және салауатты өмір салтына насихаттау болып табылады.

Жарыс нәтижесі бойынша жастар арасында I орынды «Арлан» аула командасы жеңіп алды, IІ орынға «Сұңқар» аула клубының командасы ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылары сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.

« Кері қайту