Оралда «Мәңгілік елге мың тағзым» атты патриоттық әндер байқауы өтті

5 мамыр 2017 , 9:52 · 143 қараулар

Отан қорғаушылар күні мерекесіне және ҚР қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ ұйымдастыруымен «Мәңгілік елге мың тағзым» атты патриоттық әндер байқауы  өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатырған оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, олардың отансүйгіштік сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға  өнерпаз жастар қатысты.  I кезеңде өнерлі жастар еркін тақырыпта, ал II кезеңде патриоттық бағытта ән шырқады. Байқаудың қорытындысы бойынша Сарменова Диана I орын ,  II орын Сатыбалдиев Темирлан және жүлделі  III орынды «Қолғанат» триосы иеленді.

Сонымен қатар, Нұрболат Дина «Үздік орындаушы» номинациясын жеңіп, байқауға қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

« Кері қайту