Кекушинкай каратэден Петропавл қалалық ашық біріншілік өтті

11 мамыр 2017 , 11:13 · 594 қараулар

Ағымдағы жылдың 6-7 мамырда «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Soltystyk batyry» атты кекушинкай каратэден Петропавл қалалық ашық біріншілік өтті. Жарыс Александр Винокуров атындағы Спорт Сарайында өткізілді. Шараға барлық облыстардан жиналған 800 спортшы қатысты.

Жарыстың бірінші күнінде татамиде 7-11 жастағы балалар күш сынасты. Екінші күні татамиге 12 жастан бастап жасөспірімдер шықты. Кездесулер 2 минуттан болды, осы уақытта жеңімпаз анықталмаса спортшыларға қосымша уақыт берілді. Егер берілген уақыт жеткіліксіз болса, спортшылар салмақ өлшеуден өтеді. Қай спортшы жеңіл болса сол жеңімпаз атанады. Сондай-ақ, жарыс күні тамашиваридан жарыс өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Айта кететін жайт, 8 мамыр күні спортшылардың аттестациясы өтті. 700 спортшы кю-тесттен өтіп, өздерінің жаңа белбеулерін алды. Аттестация кезінде спортшылар өздерінің техникасын көрсетіп, содан кейін физикалық нормативтерді орындап, үміткерлер өзара күш сынасты.

«Солтүстік Қазақстандықтар үлкен дәрежелі турнир өткізді. Бұл осы аумақта кекушинкай каратэнің дамығандығын және ұйымдастырушылардың кәсіби біліктілігін көрсетеді», – деп БҚККҰ РҚБ Президенті Тәжімұрат Найзабеков ойымен бөлісті.

« Кері қайту