Астанада «Жасыл ел» жаңа маусымы басталды

15 мамыр 2017 , 12:56 · 422 қараулар

13 мамыр күні Елордалық  «Жас Отан» ЖҚ Астанада «Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтары» жобасының ашылуына қатысты. Жасотандықтар қаланың көгалдандырылуына өз үлестерін қосып, Ш.Қосшығұллы көшесінде ағаштар отырғызды.

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастауымен «Астана қаласының Жастар мәслихаты» қоғамдық бірлестігі «Студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» еңбек жасақтары» жобасының маусымдық ашылу салтанатын өткізді.

Шараға Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Тұрлыбек Арман Алашұлы, Астана қаласының мәслихат депутаты Батпенов Саят Нұрланұлы, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Оралов Асхат Раздықұлы, «Астана көгалдандыру» Акционерлік қоғамы Төрағасының орынбасары Бибігүл Мұрзағалиқызы, «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының төрағасы Болысбек Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы, «Астана қаласының Жастар мәслихаты» депутаттары, белсенді Елорда жастары және «Жасыл ел» сарбаздары қатысты.

Жобаның мақсаты «Жасыл экономика» идеясын қолдауға шақыру, жастарды жұмыспен қамтуды ұлғайту және жұмыспен қамтамасыз ету, жастарға жаңа патриотизм және экологиялық тәрбие қалыптастыру болып табылады.

Салтанатты шарада 500-ге жуық түп тал ағаштары отырғызылып, сенбілік ұйымдастырылды. Жастар өз тараптарынан белсенділік танытып, сауапты істің жиі болуына ұсыныс білдірді.

Аталмыш шара көңілді әнмен басталып, жастардың естелік суретке түсу рәсімімен тәмәмдалды.

« Кері қайту