Алматы облысында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі»

16 мамыр 2017 , 18:20 · 415 қараулар

2017 жылдың 15 мамыр күні «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы және Талдықорған жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бизнес, құқық және жаңа технологиялар» колледжінде жетім балалар қатарындағы жастарға  «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті.

Шараның мақсаты – жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастар арасында жұмыссыздықты жою, алдын алу және мемлекеттік бағдарламалар аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жалпы жәрмеңкеде 100 ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының Алматы облыстық штабы, қалалық жұмыспен қамту орталығы,  «IB GROUP» мекемелері бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жалпы жәрмеңкеге 70 тен астам жастар қатысты.

« Кері қайту