Талдықорған қаласында ең үздік IT маман анықталды

14 мамыр 2017 , 13:15 · 215 қараулар

Талдықорған қаласында ең үздік IT маман анықталды. Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен байқауға қаладағы колледж студенттері, жоғары сынып оқушылары мен жұмыссыз жастар қатысты. Сайыста Алматы облысының ең үздік компьютер мамандарынан құралған 12 топ бақ сынады.

3 кезеңнен тұратын сайыс барысында IT мамандарының тапсырманы орындаудағы жылдамдығы, бағдарламаны дұрыс құру және IT саласын қаншалықты меңгергендігі бағаланды. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен қатар, еліміздің үздік IT компанияларына ұсыныстар алды. «Жас маман» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл байқау осымен алтыншы рет өтіп отыр. Осы уақытқа дейін аталған шара тігіншілер, аспаздар, шаштараздар мен суретшілер арасында да өткізілген.

Бақтияр Жақсыкелдинов, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының төрағасы:

- Бұл байқаудың басты мақсаты – үздік IT маманды анықтау және оларға жұмыс табуға ықпал ету. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған жастар жұмыссыз қалмайды.

Байқау нәтижесі бойынша үшінші орынға Панфилов ауданы, екінші орынға Сарқан ауданы, бірінші орынғаТалдықорған қаласының жас IT маманы иеленді.

Номинациялар бойынша жеңіске жеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен мақтау дипломдары тарту етілді. 

« Кері қайту