Алматы облысында «Темекіден арылу оңай!» спорттық жарыстар өтті

2 маусым 2017 , 16:12 · 288 қараулар

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы, Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ұйымдастыруымен дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күніне орай «Темекіден арылу оңай!» атты Street Workout экстрималды спорт жарысы өтті. 

Шараның негізгі мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, темекі шегудің психологиялық, медициналық, заңнама тұрғыдан зияны мен шығынын аша тұра, қала тұрғындарының темекі шегудің деңгейін төмендету, салауатты өмір сүру қағидасын бекіту. 

Іс шараны медицина колледжінің білімгерлері флешмоб биімен ашып, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Олжас Кенжебаев өз тарапынан спортшыларға фитнес залына жеңілдік купондарын сыйға тартты.

Жүргізушілер қала тұрғындарына сұрақ-жауап конкурсын өткізіп, дұрыс жауап берушілерге сыйлықтар ұсынды. Акция барысында еріктілер темекі шегудің зияны туралы буклеттер таратты.

Темекі шегу жиі жөтелмен, көп жағдайда көп мөлшерде қақырықтың бөлінуімен ерекшеленеді. Осының себебінен өкпе ұлпасы созылмалылығын жоғалтады, ентігуге әкеп соғады. Темекі тарту ағзаның тез қартаюына, қан тамырлар ауруларына әкеледі. Темекі тартатын адамның түрі терісінің, көзінің сарылығымен, беттегі әжімдерімен, қырылдаған дауыстарымен ерекшеленеді. Темекінің улы заттары жүрек – қантамыр жүйесін зақымдайтынын қала тұрғандарына, жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

« Кері қайту