Батыс Қазақстан облыстық жасотандықтар батырдың отбасымен кездесті

2 маусым 2017 , 16:38 · 289 қараулар

Осыдан бір жыл бұрын бесінші маусым күні Ақтөбеде қайғылы оқиға орын алған еді. Лаңкестер салған ойраннан кейін қаншама отбасы қайғы жұтып, бүлдіршіндерді әкесіз қалдырып жетімдіктің тауқыметін тартқызған болатын.

Осы орайда, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерімен Орал қалалық маслихат депутаты Ләззат Рысбекова Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімшесіне лаңкестер жасаған қылмыстық әрекет кезінде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Берік Қалиевтің отбасымен кездесіп, балаларын арнайы мерекемен құттықтап, сыйлықтар тарту етті.

Қазіргі таңда батырдың жары төрт баласымен бірге Орал қаласында тұрып жатыр. Жасотандықтар балалармен бірге ойындар ойнап, арнайы қойылымдармен балаларға тамаша көңіл күй сыйлады.

«Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы менеджері Мөлдір Сапар: «Қалың көпшілікті жауыздардан аман сақтау үшін өз жандарын құрбан еткен азаматтар алдында біз мәңгілік қарыздармыз. Олардың отбасыларына көмек пен қолдау көрсету баршамыздың борышымыз деп білемін. Осы орайда жасотандықтар Берік ағамыздың  отбасына балаларына әрқашан көмек қолдарымызды созып, жәрдем етуге дайын екенімізді жеткіздік. 

« Кері қайту