Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орал қаласында мерекелік шаралар өткізілді

2 маусым 2017 , 16:58 · 362 қараулар

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» мен Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында бүлдіршіндерге арналған мерекелік шаралар өткізді.

Шара барысында жайдарман топтары мен жас өнерпаздар өнер көрсетті. Сондай-ақ, балалар ауылының тәрбиеленушілері флешмоб, әртүрлі ұлттық билер  билеп, кешті көңілді өткізуге ат салысты. Мерекеге жиналған балаларға мультфильм кейіпкерлері мен клоун келіп көңілдерін көтеріп, ойындар ойнатты.

Бүгінгі кұнге дейін «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен іс-шараларға белсене қатысып жүрген өнерлі балаларға облыстық филиал төрағасының атынан алғыс хат және естелік сыйлықтар табыс етілді.

« Кері қайту