Астанада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын атап өтті

5 маусым 2017 , 10:44 · 442 қараулар

4 маусым - Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні. Еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны 1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері болып алғаш рет бекітілген болатын. Олар - еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттардың бірі. Бүгін айтулы мереке қарсаңында республикамыздың барлық өңірлерінде игі шаралар өтуде.

«Нұр отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен елорда жастары «Егемендік- елдігім, рәміздерім-теңдігім!» деп аталатын патриоттық акция аясында автошеру өткізді.  Шара биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Шараның ресми бөлімінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Шиповских Геннадий Геннадиевич, Астана қаласының Мәслихат депутаттары Гайпов Зулфухар Сұлтанұлы  және Батпенов Саят Нұрланұлы және Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшы орынбасары, полковник Ережепұлы Бақтияр қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, лебіздерін білдірді.

Елорда тұрғындары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан оркестрі өнер көрсетіп, қазақ эстрадасының  жұлдыздары Алмас Кішкенбаев пен Ринат Мальцагов және т.б. өнер жұлдыздары ән орындады.

Шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ генерал С.К.Нұрмағанбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

Концерттік бағдарлама соңында қала тұрғындары мен шараға қатысушылар рәміздер мерекесіне арнайы жасалған шарларды көкке ұшырды.  Сондай-ақ,  жиналған қауым мерейтойға арналған  25 автокөліктен тұратын автошеруге куә болды. Автошеруге қатысушы көліктер Қажымұқан көшесі – Тәуелсіздік – Сарайшық - Р.Қошқарбаев – Достық - Қабанбай батыр –Сарайшық – Шалқыма - Ж.Тәшенов көшелерімен жүріп өтіп, «Қазақ елі» монументінің алдында 25 санын құрастырды.

« Кері қайту