Ақмолалық жастар өз көшбасын сайлады

8 маусым 2017 , 10:07 · 512 қараулар

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың қатысуымен  өткен «Жас Отан» жастар қанатының есептік-сайлау конференциясында «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрағасы болып Еркебулан Балбергенов сайланды.

Еркебұлан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі. Жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған соң, ол партияның облыстық филиалына қызметке тұрып, алдымен консультант, кейін саяси бөлім меңгерушісі қызметін абыроймен атқара білді.

«Облыстық партия филиалында қызмет  еткен уақытында Еркебұлан өзін креативті, білімді , білікті  маман ретінде көрсете білді. Ақмолалық жастар өз таңдауын дұрыс  жасап , айқын бағытын анықтады деп ойлаймын» - деді, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Мәдешұлы өз құттықтауында .

Аталған есептік сайлау конференциясына облыстың түкпір-түкпірінен жастар бірлестіктерінің төрағалары, жастар ресуртстық орталықтарының жетекшілері мен өңірлердегі «Жас Отан» жастар қанатының төрағалары жиналып, өзара пікір алмасты.

 

Бүгінде «Жас Отан » жастар қанатына жүктелген міндеттердің бірі Елбасы, Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қазақстандықтар арасында түсіндіру-насихаттау жұмысын жүргізу, жастарды жұмыспен қамтамасыз етілуін қадағалау, жас ғалымдар мен кәсіби мамандарды қолдау міндеті болып табылады. Бұл ретте ақмолалық жастар алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауға уағдаласып қайтты.  

« Кері қайту