Алматы облысында «Діни экстремизмге жол жоқ!» атты велошеру өтті

14 маусым 2017 , 15:02 · 461 қараулар

Алматы облысында «Экспо 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған  «Діни экстремизмге жол жоқ!» атты велошеру өтті.  

Бұл ауқымды спорттық шараға Қабанбай батыр даңғылынан бастау алып «Жастар» саябағына дейінгі қашықтықтықты бағындырған 100-ге жуық велошабандоздар қатысты.  

 

Шараның басты мақсаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдау, қоғамда дәстүрлі емес діни ағым идеялардың таралуын алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақтың жат діни ағым ықпалына кіруіне  бөгет жасау.

 Жиында сөз сөйлеген «Алматы облысы дін істері басқармасы» басшысы Рахмет Разбекұлына Халықаралық «Экспо 2017» көрмесінің маңыздылығына тоқталып, мұндай энергия көздері әлемдік тренд болуға даңғыл жол ашатынын «болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігі уақыт өткен сайын еселей түсетінін  атап өтті.

«Міне бүгін сіздермен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының қарсаңында батыр бабамыз Қабанбай ескерткіші жанында, тәуелсіз еліміздің бірлігін насихаттап, жастар арасында жат діни ағымдардың таралуының алдын алу мақсатында, Алматы облысы дін істері басқармасы, Алматы облысы прокуратурасы және «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған «Діни экстремизмге жол жоқ» тақырыбында велошеру ашық деп жариялаймын».

Велошеру соңында қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталып, «Жастар» саябағының алдында ұйымдастырылған концерт пен флэшмоб куәсі болды.

 

« Кері қайту