«Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалына жаңа төраға сайланды

15 маусым 2017 , 16:51 · 610 қараулар

2017 жылдың 14 маусым күні «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының конференц-залында партияның қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекованың қатысуымен «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының IX кезектен тыс есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға қалалық мәслихат депутаттары, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалдары мен бастауыш бөлімшелерінің басшылары, жоғары оқу орындарының жастармен жұмыс жөніндегі комитет төрағалары, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар бірлестігінің мүшелері, жас кәсіпкерлер мен Алматы қаласының белсенді жастары қатысты.

Конференция барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асырылу барысы туралы «Тұран» университетінің ректоры, «Нұр Отан» партиясының  Алматы қалалық Мәслихатындағы депутатық фракциясының мүшесі Алшанов Рахман Алшанұлы баяндама жасады. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Айдана Сыдықова жаңа қызметке ауысуына орай жаңа төраға сайланды.

96 делегат қатысқан конферецияда бірыңғай қолдау нәтижесі бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы қызметіне 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада қарсаңында еріктілердің 5 бас үйлестірушінің бірі болған Ахметов Мади Абылайұлы сайланды.

Сондай-ақ, «Жас Отан» ЖҚ Алматы қалалық филиалының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына Жастар ұйымдарының ұсыныстары тындалады. 

« Кері қайту