Орал жастары арасында зияткерлік квест ойыны өтті

16 маусым 2017 , 18:34 · 370 қараулар

«Жас Отан» Жастар қанаты Батыс-Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңіріміздің тарихын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында "Орал: Кеше. Бүгін. Ертең" атты зияткерлік квест ойыны өтті.

Жарысқа «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы , «Орал» студенттер Альянсы», «Шабыт», «ЕХРО -2017» және «Батыс - Қамқор» жастар қоғамдық бірлестіктерінің еріктілері қатысты.

Ойынға қатысушылар Орал қаласындағы тарихи ескерткіштер мен музейлерге барып, арнайы қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы қызықты тапсырмалардан өтті. Қатысушылар белгіленген барлық тапсырмалардан мүдірмей, белсенділік пен тапқырлық танытты. 

Ойын қорытындысы бойынша «Орал» студенттер Альянсы» еріктілері ІІІ орын, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы сарбаздары ІІ орын, ал жүлделі І орынды «Батыс - Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері жеңіске жетті. Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. 


Квест ойыны арқылы жастарға өздерінің жазғы демалыс уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, қаладағы көне ғимараттардың тарихы жайлы қызықты мәліметтермен танысуға мүмкіндік туды. 

« Кері қайту