Театр - өмір айнасы

19 маусым 2017 , 17:59 · 260 қараулар

Үлкенге құрмет, қарттарға қамқорлық көрсету ұлттық болмысымыздың айнымас бір құндылығы. Аға буын өкілдерінің еліміздің өркендеуіне арнаған жастық жігері мен ерен еңбектері өлшеусіз.

Осындай жандарды құрметтеу барысында жасотандықтардың тарапынан шынайы көрініс табуда. Соның бір айғағы 18 маусым күні Батыс Қазақстан облысы филиалы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы. Бұл шарада ардагерлер Қазақ драма театрында өткен «Қасық қаным қалғанша» атты драммалық спектакльді тамашалады. Қойылымға облыстық соғыс ардагерлері, тыл және еңбек ардагерлері мен ардагер ұстаздар келді. 

Утепов Искак Досқалиұлы ҰОС ардагері: «Мен соғыстың жылдарында дүниеге келдім. Бірақ өзім жас болсам да, ересектерден Ұлы Отан соғысының «сұмдықтары» туралы көп еститінмін. Соғыстан кейінгі жылдары елді қайтадан аяқтан тік тұрғызу үшін, қанша мыңдаған адам еңбек етті. Алайда, біз бәріне шыдадық. Қиындықтың барлығы артта қалды. Қойылымды тамашалай отырып жастық шағым көз алдыма елестеді»,- деп өзінің әсерін білдірді.

Қойылым соңында ардагерлер театрдан алған әсерлері үшін алғыс айтып, жасотандықтар сыйлаған естелік суреттерді қабыл алды.

« Кері қайту