Бүгін «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ NURINTECH Республикалық жастар инновациялық жобалар байқауының презентациясы өтті

23 маусым 2017 , 10:19 · 262 қараулар

«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз орталығында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ төрағасы Бауыржан Молдабеков байқаудың таныстырылымын жүргізді.

Инновациялық экономиканың дамуы – жарқын болашақ кепілі.  Инновациялық экономика құру -  ел келешегінің дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі. Соңғы жылдары инновациялық саясатты қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге айналды.

Осы орайда «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, жастарды ғылыми-инновациялық қызметке баулу арқылы жастардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында байқау өткізіп отыр. Байқауды кеңінен насихаттау мақсатында облысымызда орналасқан  12 жоғары және 96 орта арнаулы оқу орындарына, облыстық білім басқармасына байқау туралы ақпарат жолданды.

Байқау 5 номинация бойынша өткізіледі:

Ø Әлеуметтік маңызды инновациялар,

Ø Техностарт,

Ø Үздік жас ғалым,

Ø Жастардың инновациялық жобасы,

Ø Перспектива.

Сонымен қатар бағыттардың кең спектрі қамтылады: жасыл энергетика (энергетика және энергияны үнемдеу), химиялық технология, нано технология және биотехнология, өнеркәсіптік және құрылыстық технология және өндіріс, агроинновация (өнеркәсіптік технология және өндіріс), IT технология және авиағарыш технологиясы, медицина, медициналық техника және технология, фармация, табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу, робототехника, жол қозғалысының қауіпсіздігі, үздік лайфхак, 3D баспа және жаңа материалдар, гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар, экологиялық инновация, наноимпульс – нанотехнологиядағы инновация, білімдегі инновация.

Конкурстық өтінімдерді бағалау мақсатында қазылар алқасына ғалымдар, ұлттық компаниялар, конструкторлық бюролар, сондай-ақ министрліктер өкілдері қатарынан сарапшылар шақырылатын болады. 

Байқауға қатысу өтінімдері 2017 жылдың 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 8 000 000 теңге. Байқау қатысушылары мен жеңімпаздары жобаны инвестицияландыру мен қаржыландыру көздерін табу мүмкіндігіне ие болатынын атап өту керек.

Баспасөз конференциясы барысында ағымдағы жылдың наурыз айында CCI Kazakhstan компаниясы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Орталық Азияның Еуразия қоры» қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып, Қазақстанның түрлі аймағындағы нақты әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуде жастар бастамасын анықтап, қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» байқауында әлемде теңдесі жоқ құбыр тазалаушы робот (робот трубочист) жобасымен жеңімпаз болып табылған, Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің 9-шы сынып  оқушысы Қуаныш Мәден өзінің жобасы туралы айтып берді.Қазіргі таңда, Қуаныштың жобасын патенттеу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.

« Кері қайту