"Жас Отан" ЖҚ БҚОФ "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасы аясында кездесу өтті

23 маусым 2017 , 17:03 · 279 қараулар

«Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Самал» туристік лагерінің  демалушыларымен кездесу өтті. Өңірімізге танымал өлкетанушы, тарихшы, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ мен «Еуразия» тілдер және менеджмент институтының профессоры, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерінің иегері Жайсаң Досболатұлы Ақбаймен кездесті.

Кездесу барысында Жайсаң Досболатұлы жастармен жан-жақты тілдесіп, әр салаға байланысты ой-пікірімен бөлісіп, көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Өз еңбек жолы мен қоғамдық өмірін мысалға ала отырып, жас ұрпақты елді сүюге және отаны үшін аянбай қызмет етуге шақырды.Шара соңында 90 жастағы Жайсаң атамыз қызықты сұрақ қойған демалушыға өз қолтаңбасы мен тілегі жазылған кітабын сыйға тартты. Әрі қарай лагерь демалушыларының қолынан шыққан туындыларымен танысты.

Кездесу Жайсаң Досболатұлы мен демалушылардың естелік ретінде суретке түсуімен қорытындыланды.

 

 

« Кері қайту