АТАЖҰРТЫМ – ҚАЗАҚСТАН

26 маусым 2017 , 10:16 · 329 қараулар

Асылбекова Гүлмира,

«Абай» орталығының жетекшісі

Швеция

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды озық елге айналдырғанын бүгінде бүкіл әлем біледі.

Қазақстан – табысты, гүлденген мемлекет. Оның басты көрінісі мынау ертегідей ғажайып қала Астана емес пе? Өз басым Астананы Қазақстанның 25 жыл ішіндегі жетістігінің биік шыңы деп білемін.

Біз жаһандық өзгерістер заманында өмір сүріп жатырмыз және біз сол өзгерістерге теңесе жүру керек екенімізді түсінеміз. Бірақ оны қалай жасаса болады? Бұл сұраққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жауап береді деген ойдамын.

Президенттің рухани жаңғыртудың бірінші шарты ол мәдени құндылықтарды, тілді, музыканы, әдебиетті және дәстүрлерді сақтау деген пікірін толық қолдаймын.

 

Жәнібек Ерқанат

«Ақиық» турфирмасының бас директоры,

Моңғолия студенттер одағының

«Озат студент» иегері

Моңғолия Республикасы

Елбасының осы жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын моңғолиялық қазақ жастары да қуатты қолдап, зор ықыласпен қабылдады. Ұлттық намысымызды оятып, жанымызды жігерлендірді.

Мақалада ұлттық кодты сақтау мәселесіне үлкен көңіл бөлінген. Біз Моңғолияның қазақ жастары Президенттің бұл бастамасын толық қолдаймыз. Елбасы айтқандай «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай». Сол себепті ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.

Неғұрлым тұтастыққа жету үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қажет. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады. Елбасы мақалада осы ұстанымды айқын көрсетіп берді.

Мен, Моңғолия Республикасындағы «Ақиық» туристік фирмасының бас директоры ретінде моңғолиялықтарға Қазақстанның бай табиғатын, жанға жайлы туристік аймақтарын, тарихи орындарын үнемі насихаттап жүрген жастардың бірімін.

Қазақстанда тұрмасақ та, біз Қазақстанда болып жатқан барлық өзгерістерді жіті бақылап отырамыз, және Моңғолиядағы қандастар Қазақстанның әр қадамына тілекші.

Ғылымбек Оралханұлы,

Қытай қазақ студенттер қоғамдық

бірлестігінің төрағасы,

Қытай Халық Республикасы 

Мәдениет -  мемлекет және тіл шекараны мойындамайтын бірден бір сала екені анық. Сондықтан Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығая беретіндігі анық.

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар қазақ жастарына жаңа мүмкіндіктер ашуда. «Егер өнер, ғылым Қытайда болса, сонда барып үйрен» демек сияқты бүгінгі таңда Қазақстаннан барған 8 мыңға жуық студент Қытайда білім алып жатыр.

Біз, Қытайдағы қазақ жастары Елбасының үндеуіне қосыламыз және де төмендегі бірнеше жақтан жекелік көзқарасымды білдіремін:

1. Ұлттық бірегейлікті сақтап жаңғыруды қолға алу нағыз реформаның басталуы болмақ. Өйткені адам бірінші өзін санасының жаңғыруына еңбек ету керек. Ұлттық жаңғыруда мәдениетті қайта қолға алу өте өзекті рөл атқарады.

2. Жаһандық жаңа өнеркәсіп төңкерісіне ілесу үшін бәсекелік қабілетті арттыру қажет. 

3. Білімнің салтанат құрған заманында қазақ жастарының білімді болуы алдыңғы шарттардың бірі болуы міндет.

4. Қазақстан өз алдында тәуелсіз ел, тәуелсіз елдің өз алдына тән жазу мәдениеті болу керек.  Латыншаға көшу тарихи саяси талғам, дүниедегі барша қазақты тұтастыратын алтын көпір, елдің тәуелсіздігімен баянды дамуының саяси кепілі. Латын әліпбиіне көшу ақпараттық ғылым жүйесін дамытып, қазақ елінің халықаралық өресін тіптіде жоғарылатады. Елдің рухани мәдениет өресін жаңғырту елдің тұтастығы мен баянды дамуына кепілдік етеді. Ал латыншаға қазақ елі ғана емес, әлемнің әр түкпіріндегі барша қазақ баласы көшу керек деп ойлаймын. Себебі, барша қазақтың жазуы біріксе, көптеген кедергіліктер де шешілер еді. Ал латыншаға көшу де сөзсіз арнайы тыл ғылымы орталығының біртұтас бекітуінен ортақ қолданысқа енген әліппе жасалу керек. Бұнда, біз сөзсіз өзгенің қолданғанын үлгі етіп емес, өзімізге тән, ең қолайлы түрдегі жобаны қолданысқа беру керек.

 

Ілияс КӘРІМ, таэквондодан Түркия чемпионы

– Елба­сы­ның рухани жаң­ғыруға бас­тайтын бағдар­ламалық мақа­ласындағы ай­рықша атап өтер­лік дүние – латын әліпбиіне көшу мәселе­сінің қозғалуы. Бұл шетел қазақтарының көптен күткен жаңалығы еді. Шетелдердегі ағайындардың біраз бөлігі, дәлірек айтқанда, Түркия мен Еуропадағы қазақтар латын жазуын қолданады. Елбасымыз құрылтайда «Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі бізді біріктіре түседі. Жолдауымда мерзімді 2025 жыл деп белгіледім, бірақ мұны созбалауға негіз жоқ», – деді. Қазақстан бұл ретте Түркияның тәжірибесін жақсы пайдаланып, олардың артық және кем тұстарын салыстырып, түркі елдері ішіндегі ең мықты латын әліпбиін жасайды деп сенемін.
Өз басым Нұрсұлтан Назарбаевты Түркия Республикасының негізін қалаушы және оның тұңғыш прези­денті болған Мұстафа Кемал Ататүрік­пен салыстырамын. Ататүрік түрік халқының өркениетін Еуропа елдерінің үлгісімен дамыту үшін араб әліпбиін латын әліпбиіне ауыстырған болатын. Оның бұл шешімі өз жемісін берді. Тағы бір айта кетер жайт, Қазақстанға келерде Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайынан ұшқан едім. Енді қайтарда Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан ұшатыныма қуаныштымын.

Әділет АХМЕТҰЛЫ, ақын:

Самалымен аймалап
Отан мені,
Орала ғой ордаңа ботам деді.
Елбасы егемендік
алған күні-ақ,
Қандастарын шақырды
шет елдегі.

Жылжып жылдар, аяңдап жүрді керуен,
Дүбірлетіп шабады дүлдүл өрден.
Қасым хан салған сонау «Қасқа жолдың»
Мың желісі жалғасты «Нұрлы жолмен».

« Кері қайту