Алаш қозғалысы – біртұтастық символы

29 маусым 2017 , 18:51 · 225 қараулар

Елбасымыз өзінің мақаласында «Рухани жаңғыру - ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы» деген болатын.

Міне, осы орайда тарихтан сыр шертетін шаралардың бірі облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен 28 маусым күні Алаш партиясының негізі құрылған мекен Сырым ауданы, Жымпиты ауылында Алаш қозғалысының 100 жылдығын кеңінен атап өту мақсатында бірнеше іс-шаралар өтті. Орал қаласынан арнайы құрылған құрамында  25 адам бар делегация мүшелері таңертең Жымпиты ауылына жолға шықты. Делегация құрамында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Сакошев, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Д. Сүлейменова, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ,  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Е. Хайдаров, Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық мұражайының меңгерушісі Н.Тулепов, журналист және блогер Н.Рахманов және облыстық жастар ұйымдарының белсенді жастары бар.

Алдымен делегация Жымпиты ауылында орналасқан Алаш Орда зиялыларына арналған ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Әрі қарай Алаш зиялыларының табаны тиген  Сырым Датұлы атындағы өлкетану музейі жұмысымен танысып, «Алаш қозғалысы-біртұтастықтың  символы» атты дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелді Сырым ауданы әкімінің орынбасары А.Саркулов  келген қонақтарға қош келдіңіз айтып, Жымпиты жерінде Алаш қозғалысының 100 жылдығына арнап өткізілген және өткізілетін  шаралар ретіне тоқталып өтті, ал жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Сакошев өз кезегінде АлашОрда үкіметінің 100 жылдығы аясында осындай шаралар жалғасатынын жеткізді.  Дөңгелек үстел барысында Дәметкен Досмұханқызы Жаһанша мен Халелдің автомиялық мемлекет құру туралы ой-толғау» сөз қозғаса, Есқайрат Ерболатұлы Алаш қозғалысы мен жастар ұйымдары туралы мағұлмат берді. Сонымен қатар, тарих пәнінің мұғалімі С.Зиятов Алаш қайраткерлердің қазақ жер тұтастығын сақтаудағы қызметтері туралы тағылымға толы мәліметімен бөлісті. Жиын барысында Жаһанша тұрған үйге белгі қою, Жымпиты ауылының көшелеріне Алаш зиялыларының есімін беру,  Сырым шыққан төбеде  реконструкция  жасап, үлкен сахналандырылған көрініс қою турлары ұсыныстар білдірді. 

« Кері қайту