«Таза өзен - таза жағалау» акциясы

30 маусым 2017 , 17:19 · 292 қараулар

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Батыс-Қазақстан облысында  жемісті еңбек етіп келеді. Биылғы жылғы еңбек маусымында 1500-ден астам облыс жастарын жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Еңбек маусымының алғашқы кезеңінің қорытындылары бойынша «Жасыл Ел» қатарында 324, ал студенттік құрылыс жасақтарында 71 адам қызмет етті.

Сарбаздардың бастамасымен 2017 жылдың 30 маусым күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Таза өзен - таза жағалау» акциясы өткізілді. Акцияға Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті қолдау көрсетті.

Шараның басты мақсаты Орал қаласындағы серуендеуге арналған танымал мәдениет және демалыс саябағын, сонымен қатар қоқыс пен қалдықтардан тазартуға аса мұқтаж Шаған өзені жағалауын әсем әрі жайлы орынға айналдыру.

Сенбілік жұмысына 30-дан астам сарбаз қатысып, 40-тан аса қап қоқыс шығарылды. Құрылыс жасақтарынан өзге төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері Шаған өзенінің түбін қоқыстан тазартты.

« Кері қайту