«EXPO 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдау мақсатында «Ауыл жастары» атты бірінші спартакиада

1 шілде 2017 , 17:17 · 268 қараулар

Спорт - елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала – деп  Елбасы айтып кеткендей Алматы облысының жастар саясаты мәселелері  басқармасы,  Алматы облысының жастар ресурстық  орталығы, «Жас  Отан» ЖҚ Алматы  облыстық филиалының ұйымдастыруымен  2017 жылдың 30 маусымында Жастар спорт сарайында  «EXPO 2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдау мақсатында тұңғыш рет  «Ауыл жастары»  атты бірінші спартакиада өтті.  Спорттық шараны  Алматы облысының  жастар ресурстық орталығының директоры, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облысының филиалының төрағасы Бахтияр Жақсикельдинов салтанатты түрде ашып, ауылдық округтен келген спортшыларға сәттілік тіледі. Жалпы спартакиадаға облысымыздан 9 аудан және 2 қала құрама командалары қатысты.

Спартакиаданың  мақсаты – спорттық білім беру жүйесінің маңызды  элементтерінің бірі ретінде ілгерілету, жастардың спортқа қызығушылығын ояту болып табылады.  Спортшылар футбол, баскетбол, волейбол, үстел  теннисі секілді  спорттың  4 түрінен сынға түсті. Жарыс барысында әр команда өз жылдамдықтарымен, ойынға деген белсенділіктерін асыра отырып көзге түсе білді. Жалпы футбол командасы 15, оның ішінен  404 такси командасы жеңімпаз атанды, 2-ші орынды Ішкі Істер Департаменті иеленді және 3-ші орынды Каратэ футбол командасы. Ұлдар арасында баскетбол ойынынан 9 команда қатысып 1- ші орынды Талдықорған қаласы, 2- ші орынды Ақсу ауданы алса 3- ші орынға Ескелді ауданы ие болды. Қыздар арасынан 9 команда қатысып 1-ші орынды алдықорған қаласы, 2- ші орын Ескелді ауданы, 3-ші Текелі қаласы. Волейбол ойынынан жалпы 6 команда қатысып жеңіске жеткен Кербұлақ ауданы, 2-ші орынға Қарабұлақ ауданы, 3-ші орын Ескелді.  Әр ауданнан келген теннис ойынынан қыздар арасында Құдайбергенова Мадина Қарасай ауданы 1-ші орнды алды, Нұрлыбек Бағдагүл Көксу ауданы 2- ші орын, Сейткакова Айша Алакқл ауданы 3-ші орынға ие болды. Ұлдар арасынан 1-ші орынды Отарбаев Даурен Көксу ауданы, Абишов Жаннұр Талдықорған қаласы 2-ші орын, Бауыржан Қымбат 3-ші орынды алды.  Жалпы командалық ойында Талдықорған қаласы 1- ші орын, 2-ші орынды Көксу ауданы, 3-ші орынды Ескелді ауданы. Болашақта спартакиада әді де жалғасын табады. Жоғарыда спорт түрлері ауыл жастарына үнемі айналысуына мүмкіндік беретін анайы лигалар құрамы жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.

Спартакиада соңында Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айдын Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, жас спортшыларды бірінші «Ауыл жастар» атты спартакиадасымен құттықтап, жеңімпаз деп танылған қатысушыларға алғыс хат, мақтау қағаз және арнайы бағалы сыйлықтар табыстады.

 

 

 

 

« Кері қайту