"Жас Отан" жастар қанаты Хатшылығының басшысы болып Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы тағайындалды

3 шілде 2017 , 20:04 · 345 қараулар

Өмірбаяны

1990  жылы  12 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлтттық  университетін  (2008-2012, бакалавр)  бітірген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін (2012-2014, магистр) бітірген.

Қоғамдық жұмыс

«Нұр Отан» партиясы  «Жас Отан» Жастар қанатының Астана қалалық «Алматы» аудандық филиалының Бірінші орынбасары (2009-2010).

Астана қалалық Жастар мәслихатының депутаты (2010-2012).

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының қызметкері (2015).

ТМД қатысушы мемлекеттеріндегі жастар параментаризмін дамыту бойынша модельдік ұсыныстарды әзірлеу жұмыс тобының мүшесі (2015 қазіргі уақытқа дейін).

Бұрынғы жұмысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалық орталығының  инспекторы (2012).

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыру және аймақтармен жұмыс бөлімінің сарапшысы, аймақтық куратор (2014-2015).

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыру және аймақтармен жұмыс бөлімінің сарапшысы, аймақтық куратор (2014-2017).

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Хатшылығының басшысы (2017, қазіргі уақытқа дейін).

 
« Кері қайту