Өскеменде «Кеңес орталығы» кезекті «Тегін медициналық қызмет» күнін өткізді

13 шілде 2017 , 19:19 · 176 қараулар

13 шілде күні «Жастар – Отанға!» жобасы аясында Өскемен автобекетінде «Медициналық колледж» студенттерінің және қалалық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мамандарының қатысуымен тұрғындар мен жолаушылар тегін медициналық тексерістен өтті.

Шараның мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау. Шарада жолаушылар мен автобекетке келушілер қан қысымы, салмақ, бой өлшемдерін біліп, қосымша медициналық көмекке мұқтаж азаматтарға денсаулық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен бірге, азаматтар 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін «халыққа арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы керекті ақпарат алды.

Айта кетейік, «Кеңес ортылығы» жастардың мемлекетте жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен әлеуметтік қолдауға арналған мақсатты ақпарат жұмыстарын жүргізеді.

 

« Кері қайту