Өскемен қаласы жастарына арналған көшбасшылық сессия өтті

17 шілде 2017 , 15:31 · 193 қараулар

«Жас Отан» ЖҚ ШҚОФ ұйымдастыруымен Өскемен қаласынан 35 шақырым жерде оналасқан «Нұр Тау» курорттық демалыс орынында «Өскемен қаласы жастарына арналған көшбасшылық сессия» болып өтті.

Шараға «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенділері, қалалық «Жастар ресурстық орталығының», жастар мәслихатының және әртүрлі шығармашылық жастар ұйымының өкілдері қатысты. Сессияға қатысушы белсенділер бүгінгі жастар өмірін және олардың саясатын барынша ортаға салып, талқылады. Сонымен бірге, әр түрлі ойындар ойнатылып, жастардың көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге бағытталған  тренингтік тапсырмалар болды.

Шара негізінен, 3 топтамадан (блоктан) тұрды. «Көшбасшылық және командаға күш-жігер беру» тақырыбында болған 1-ші топтамада «көшбасшы» ұғымы, оның түрлері, «қоғамдық көшбасшы» түсініктемелеріне тоқталды. 2-топтамада «көшбасшы команданың ережелері мен қағидалары» туралы айтылса,  3- топтамада «Жастар саясатының негізгі мәселелері» (ҚР 2020 жылға дейін бағытталған мемелекеттік жастар саясаты Концепциясы негізінде) қарастырылды.

Сессия соңында қатысушылар бейресми түрде өткен семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, болашақта жастармен жұмыс жасауда алған тәжірибелерін пайдаланатындықтарын ерекше эмоциямен жеткізді. Сондай-ақ, барлық қатысушаларға арнайы сертификаттар мен Астана қаласында өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне билеттер табысталып, жас көшбасшыларға «Нұр Тау» демалыс орынының көрікті жерлерін аралауға мүмкіндік туғызған веложүріс болды. 

« Кері қайту