Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2004 жылғы 19 наурыз.

Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн,

Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн,

Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн

 

                                                           Қымбатты қазақстандықтар!

Наурыз айының басында “Дейли телеграф” ықпалды басылымы “Оксфорд аналитика” британ компаниясының экономикалық талдауын жариялаған едi, онда Қазақстан транзиттi экономикасы бар мемлекеттердiң арасында аршынды дамып келе жатқан елдердiң бiрi ретiнде аталып, биылғы жылы да осындай көшбастаушы тұғырын сақтап қалатыны жайында болжам жасалған екен.  
2003 жыл Индустриялық-инновациялық стратегиямызды iске асырудың алғашқы жылы болды. Елiмiзде даму институттары құрылып, олар қазiрдiң өзiнде өңдеушi салаларды жаңғыртуға нақтылы ықпал жасай бастады. Даму банкi жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөлiп отыр.  
Инновациялық қор елiмiздегi алғашқы ғарыштық жер серiгiнiң жасалуын қаржыландыруды қолға алды.  
Өткен жылы бес мұнай-химия кәсiпорнының жұмысы қалпына келтiрiлдi. Балқашта мырыш, Атырауда полиэтилен құбырларын өндiретiн зауыттар, Каспий теңiзiндегi жағалау жұмыстарына көмек жасайтын инфрақұрылым пайдалануға берiлдi. Қостанай дизель зауыты iске қосылды.  
Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсiпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр.  
Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өсу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды.  
Аграрлық азық-түлiк бағдарламасын жүзеге асырудың да алғашқы жылы аяқталды. Қуантарлық нәтижелер бар. АӨК-тi мемлекеттiк қолдау көлемi едәуiр ұлғайды.  
Былтырғы жылы ауыл еңбеккерлерi 51,5 миллиардқа жуық теңге алса, биыл оларға 70 миллиард теңгедей қаржы бөлiнiп отыр.  
Бұл алдыңғы жылдың көрсеткiшiнен ширектен астам артық.  
Бөлiнген қаржы шаруаларға өткен жылы лизинг арқылы 806 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 52,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар, сондай-ақ гербицидтер мен уытты заттар, мал егуге қажеттi препараттар алуға мүмкiндiк бердi.  
Мал шаруашылығында да оңды н¡тижелерге қол жеттi, мал басы тұрақты өсiп келедi. Ет пен сүт өндiру 17 пайыздан астам артты.  
Қазақстан астыққа деген өзiнiң қажетiн қанағаттандырып қана қоймай, бес миллион тоннадан астам астықты экспортқа да шығарды.  
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу көлемi өткен жылы нақтылы есептегенде 9,5 пайыздан аса ұлғайды.  
Ең бастысы, шаруаларымыздың материалдық жағдайы едәуiр жақсарды, демек бұл олардың көңiл ауаны көтерiңкi, болашаққа деген сенiмi зор деген сөз.  
Соңғы жылдары Қазақстанның барша халқының тұрмыс деңгейi көтерiлген үстiне көтерiлiп келедi.  
Өткен жылы еңбек өтiлi мен тапқан табысты ескере отырып, зейнетақылар мөлшерiн қайта қарау жүзеге асырылды. Жыл басынан берi зейнетақы мен жалақының ең аз мөлшерi көбейтiлдi.  
Бiз – халықтың КСРО Жинақ банкiндегi iзсiз кеткен салымдарын өтеудi қажет деп тапқан ТМД-дағы бiрден-бiр мемлекетпiз.  
Өткен жылы жалпы сомасы 4 миллиард теңгеден астам тұратын 1,3 миллион салым қайта тiркеуден өттi. Үстiмiздегi жылы салымдарды қайта тiркеу мерзiмi аяқталады. Азаматтардан келiп түскен көптеген өтiнiштерге байланысты Үкiметке салымдарды қайта тiркеудiң мерзiмiн келесi жылға дейiн ұзартуға ұсыныс енгiзудi тапсырамын.  
Өткен төрт жыл iшiндегi экономиканың өсуi:  
ең төменгi зейнетақы мөлшерiн – екi есе дерлiк (3000-нан 5800 теңгеге дейiн), орташа зейнетақыны да – екi есе (4,1 мыңнан 8,6 мың теңгеге дейiн);  
ең төменгi жалақыны – екi жарым есе (2,6 мыңнан 6,6 мың теңгеге дейiн), орташа жалақыны – 1,6 есе дерлiк (14,3 мыңнан 24,8 мың теңгеге дейiн);  
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мөлшерiн – 45 пайызға өсiруге мүмкiндiк бердi.  
Әлеуметтiк-экономикалық дамудағы табыстарымыз негiзгi өлшемдер бойынша бiздiң Орталық Еуропаның бiрқатар елдерiне барынша жақындай түсуiмiзге мүмкiндiк бердi, ал Оңтүстiк-Шығыс Еуропа елдерiнен бiз iлгерiлеп кеттiк.  
Бүкiлдүниежүзiлiк Банктiң сыныптамасы бойынша бiздiң мемлекет ендiгi жерде орта деңгейден жоғары табысы бар мемлекеттердiң тобына жатады.  
Кеңестiк кезеңнен кейiнгi кеңiстiкте, Каспий және Орталық Азия өңiрiнде Қазақстанның рөлi мен беделi күшейе түстi, бiздiң елiмiздiң әлемнiң саяси және экономикалық картасындағы маңызы да артып келедi.  
Қазақстан аса iрi әлемдiк форумдар өтетiн орынға айналды: Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес, әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi бiзде өттi.  
Бiздiң елiмiзде Еуразия аймағы мемлекеттерiнiң әлемге танымал беделдi басшылары сапармен болып қайтты.  
Қазақстан өзiнiң нысаналы дамуын “Қазақстан-2030” ұзақ мерзiмдiк Стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келедi.  
Ендiгi жерде күн тәртiбiндегi мәселе әлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы, бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердiң, бизнесшiлердiң, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы болып отыр.  
Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ әлеуметтiк салаларда да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзiрлеуге кiрiсуiмiз керек.

1. Бәсекеге қабiлеттi экономика  

Экономика бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып қала бередi.  

Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.  

Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатар күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм.  

Мен бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан – инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн.  

Сондықтан, 2005 жылы экономиканы дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болуға тиiс:  

– экономиканы одан әрi ырықтандыру және жүйелi реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру;  

 – Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;  

 – Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;  

– ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;  

– инфрақұрылымдарды дамыту.

Экономика бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып қала бередi. Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз. Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатар күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм. Мен бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан – инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн. Сондықтан, 2005 жылы экономиканы дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болуға тиiс: – экономиканы одан әрi ырықтандыру және жүйелi реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру;  – Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;  – Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру; – ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру; – инфрақұрылымдарды дамыту.

1.1. Ырықтандыру ж¡не бюрократиясыздандыру  

Әкiмет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекоммуникацияларды, электр энергетикасы мен темiр жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек.  

Бұл салалар бәсеке үшiн айқын әрi ашық болуға тиiс, ал халық болса, көрсетiлетiн қызмет сапасының жақсарып, бағаның төмендегенiн сезiнуге тиiс. Бұл тұрғыда жоспарлар бар, тек соларды батыл орындау керек.  

Жекелеген учаскелердiң өзiнде бәсекенi шектеумен келiсуге болмайды. Монополияға қарсы агенттiк экономиканың барлық секторларында зерттеулер жүргiзiп, жыл соңына дейiн тиiстi ұсыныстар енгiзуi керек.  

Өсудiң жоғары қарқыны мен бәсекеге қабiлеттiлiк көбiнесе экономиканы бюрократиясыздандыруға байланысты.  

Әкiметке бұл жөнiнде тапсырмалар өткен жылғы қазан айында Кәсiпкерлердiң форумында берiлген едi, ендi күзде оның орындалуы тексерiлетiн болады.  

Бұл жерде Қазақстанда бизнесшiлердiң жұмысы үшiн жағдайдың жақсарып келе жатқанын, тым жақсы болып кете қоймаса да, онша жаман емес екенiн айтқым келедi.  

Бiз бизнесшiлер тарапынан өз қызметтерiнiң жағдайын жақсартуды сұраған өтiнiштерiн ғана емес, олардан өздерiнiң б¡секеге қабiлеттiлiгiн арттыру баытындаы қажырлы жҰмысын тосуа да хақылымыз.

Әкiмет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекоммуникацияларды, электр энергетикасы мен темiр жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек. Бұл салалар бәсеке үшiн айқын әрi ашық болуға тиiс, ал халық болса, көрсетiлетiн қызмет сапасының жақсарып, бағаның төмендегенiн сезiнуге тиiс. Бұл тұрғыда жоспарлар бар, тек соларды батыл орындау керек. Жекелеген учаскелердiң өзiнде бәсекенi шектеумен келiсуге болмайды. Монополияға қарсы агенттiк экономиканың барлық секторларында зерттеулер жүргiзiп, жыл соңына дейiн тиiстi ұсыныстар енгiзуi керек. Өсудiң жоғары қарқыны мен бәсекеге қабiлеттiлiк көбiнесе экономиканы бюрократиясыздандыруға байланысты. Әкiметке бұл жөнiнде тапсырмалар өткен жылғы қазан айында Кәсiпкерлердiң форумында берiлген едi, ендi күзде оның орындалуы тексерiлетiн болады. Бұл жерде Қазақстанда бизнесшiлердiң жұмысы үшiн жағдайдың жақсарып келе жатқанын, тым жақсы болып кете қоймаса да, онша жаман емес екенiн айтқым келедi. Бiз бизнесшiлер тарапынан өз қызметтерiнiң жағдайын жақсартуды сұраған өтiнiштерiн ғана емес, олардан өздерiнiң б¡секеге қабiлеттiлiгiн арттыру баытындаы қажырлы жҰмысын тосуа да хақылымыз.

1.2. Әлемдiк экономикаға интеграциялану  

Бiздiң ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiне оны әлемдiк экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз.  

Сондықтан да Қазақстанның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiруiн жеделдету аса маңызды мiндет болып табылады. Бұл тұста өзiмiздiң бүкiл саяси және дипломатиялық әлеуетiмiздi толығымен iске қосқанымыз абзал.  

Менiң ойымша, қазақстандық бизнестiң қалыптасу процесi аяқталып келедi. Ол iшкi ғана емес, сондай-ақ сыртқы рыноктарда да күш сынасу үшiн “пiсiп-жетiлдi”.  

Бiз ендiгi жерде шаруаларымызды да Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ әлемдiк рыноктардағы бәсекелестiк күреске дайындауымыз керек.  

Бiздiң Қазақстан капиталының шетелге қозғалысын, оның сыртқы рыноктарды игеруiн қолдап, көтермелеуiмiз қажет. Бұл– жаһандық бәсекелестiктiң элементi, сондай-ақ әлемдiк экономика жайында аса маңызды бiлiм алу мүмкiндiгi.  

Шетелдердегi барлық мемлекеттiк құрылымдар отандық бизнеске көмек пен қолдау көрсетулерi тиiс.  

Қазақстан Даму банкiне сыртқы, әзiрге таяу жатқан рыноктарда жұмысқа кiрiсетiн кез келдi. Жаңа мiндеттердi шешу үшiн Үкiмет тарапынан Банктi он миллиард теңге, ал өңiрлерден өкiлдiк ететiн акционерлер бес миллиард теңге сомасында одан әрi қаржыландыруы қажет.  

Бiздiң валюталық реттеудi ырықтандыру, ал 2007 жылы қаржы секторында Еуроодақ стандарттарын енгiзу бағытында батыл алға жылжуымыз керек.  

Бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi көбiнесе кәсiпорындарымыздың халықаралық стандарттарға шұғыл түрде көшуiмен айқындалатын болады.  

Қазақстан Батыс елдерiнiң өнiм сапасын бақылап отыру жөнiндегi жарты ғасырға жуық тәжiрибесiн ең қысқа мерзiмде меңгеруге тиiс.  

Менiң тапсырмам бойынша, Үкiмет қазiрдiң өзiнде 2006 жылға дейiнгi стандарттау мен сертификаттаудың ұлттық жүйелерiн дамыту жөнiндегi бағдарламалық құжаттарын әзiрледi, қазақстандық кәсiпорындарды ИСО халықаралық стандарттарына жедел көшiру жөнiндегi жұмыс жоспары жасалды.  

Ендiгi жерде әр министр мен әкiмнiң жұмысы олардың өз қызметiнiң саласында халықаралық стандарттарды енгiзу жөнiндегi iстiң жай-күйiне қарай қатаң бағаланатын болады.  

Қысқа мерзiмде халықаралық iс-тәжiрибеде қабылданған техникалық реттеу үлгiсiне көшудi аяқтау қажет. Биылғы жылдың өзiнде “Техникалық реттеу туралы” заң жобасы қабылданып, қолданылып жүрген 50 заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуге тиiс.

Бiздiң ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiне оны әлемдiк экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз. Сондықтан да Қазақстанның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiруiн жеделдету аса маңызды мiндет болып табылады. Бұл тұста өзiмiздiң бүкiл саяси және дипломатиялық әлеуетiмiздi толығымен iске қосқанымыз абзал. Менiң ойымша, қазақстандық бизнестiң қалыптасу процесi аяқталып келедi. Ол iшкi ғана емес, сондай-ақ сыртқы рыноктарда да күш сынасу үшiн “пiсiп-жетiлдi”. Бiз ендiгi жерде шаруаларымызды да Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ әлемдiк рыноктардағы бәсекелестiк күреске дайындауымыз керек. Бiздiң Қазақстан капиталының шетелге қозғалысын, оның сыртқы рыноктарды игеруiн қолдап, көтермелеуiмiз қажет. Бұл– жаһандық бәсекелестiктiң элементi, сондай-ақ әлемдiк экономика жайында аса маңызды бiлiм алу мүмкiндiгi. Шетелдердегi барлық мемлекеттiк құрылымдар отандық бизнеске көмек пен қолдау көрсетулерi тиiс. Қазақстан Даму банкiне сыртқы, әзiрге таяу жатқан рыноктарда жұмысқа кiрiсетiн кез келдi. Жаңа мiндеттердi шешу үшiн Үкiмет тарапынан Банктi он миллиард теңге, ал өңiрлерден өкiлдiк ететiн акционерлер бес миллиард теңге сомасында одан әрi қаржыландыруы қажет. Бiздiң валюталық реттеудi ырықтандыру, ал 2007 жылы қаржы секторында Еуроодақ стандарттарын енгiзу бағытында батыл алға жылжуымыз керек. Бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi көбiнесе кәсiпорындарымыздың халықаралық стандарттарға шұғыл түрде көшуiмен айқындалатын болады. Қазақстан Батыс елдерiнiң өнiм сапасын бақылап отыру жөнiндегi жарты ғасырға жуық тәжiрибесiн ең қысқа мерзiмде меңгеруге тиiс. Менiң тапсырмам бойынша, Үкiмет қазiрдiң өзiнде 2006 жылға дейiнгi стандарттау мен сертификаттаудың ұлттық жүйелерiн дамыту жөнiндегi бағдарламалық құжаттарын әзiрледi, қазақстандық кәсiпорындарды ИСО халықаралық стандарттарына жедел көшiру жөнiндегi жұмыс жоспары жасалды. Ендiгi жерде әр министр мен әкiмнiң жұмысы олардың өз қызметiнiң саласында халықаралық стандарттарды енгiзу жөнiндегi iстiң жай-күйiне қарай қатаң бағаланатын болады. Қысқа мерзiмде халықаралық iс-тәжiрибеде қабылданған техникалық реттеу үлгiсiне көшудi аяқтау қажет. Биылғы жылдың өзiнде “Техникалық реттеу туралы” заң жобасы қабылданып, қолданылып жүрген 50 заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуге тиiс.

1.3. Индустриялық-инновациялық даму  

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында даму басымдықтарын айқындап алу өте маңызды.  

Әкiмет әлемдiк деңгейдегi сарапшыларды тартып, елiмiздiң артықшылықтарына қажеттi талдау жасау арқылы жылдың соңына дейiн нақты ұсыныстар тұжырымдауға тиiс.  

Бiздiң iс жүзiнде барынша тиiмдiлiк беретiн үздiк халықаралық тәжiрибелердi енгiзуiмiз қажет.  

Соның бiр мысалы индустрияны дамытуға кластерлiк тұрғыдан келу бола алады.  

Биылғы жылдың соңына дейiн бiздiң келешегi бар барлық қазақстандық, ауқымды өңiрлiк және аймақтық кластерлердi (бәсекеге қабiлеттi салалар жиынтығы) айқындап алуымыз қажет. Даму институттары болса, алдағы мiндеттердi жүзеге асырудың тиiмдi құралдарына айналуы керек.  

Инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын дамыту үшiн Алатау кентiндегi Ақпараттық технологиялар паркiн iске қосып, Орал мен Степногор қалаларында технопарктер құруымыз қажет.  

Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн отандық әлеуетiмiздi кеңiнен пайдалануымыз керек.  

“Байқоңыр” кешенiн жалға беруден түсетiн бiр сәттiк пайда табудан гөрi ғарыш айлағын жалға берудi ұзарту жөнiндегi келiсiмде көзделген Ресеймен бiрлескен ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға қарай ойысқанымыз өте-мөте маңызды.  

Мұның өзi бiздiң ғарыш жөнiндегi ғылымымыз бен жаңа технологиялардың дамуына ж¡рдемдесер едi.  

“Ангара” ғарыштық зымыран кешенiн құру осындай бiрiншi жоба болуға тиiс. Бiз қазiрдiң өзiнде 2006 жылы өзiмiздiң тұңғыш ғарыштық жер серiгiн ұшыру жөнiндегi жұмысты қолға алдық.  

Перспективалы бағыт – шетелдiң жетекшi банкiлерi және компанияларымен бiрлескен жобалар.  

Осы бағытта Даму банкi Еуропа қайта құру және даму банкiмен бiрлесе отырып “Солтүстiк-Оңтүстiк” электр желiсi магистралiнің құрылысын қаржыландыруға кiрiстi. Жобаның құны – 280 миллион доллар.  

Осы жылы “Қазақстан-Инжиниринг” ұлттық компаниясы бiздiң iрi машина жасау зауыттарымызды жаңғырту мақсатында “Сингапур Технолоджизбен” бiрлескен мекеме құрады.  

Бiз ауылшаруашылық және көлiктiк машина жасауды дамытуға ұмтылуымыз қажет.  

Атап айтқанда, Қостанайдағы дизель зауытының өнiмдiлiгiн арттырып, “Азия-Авто” зауытынан “Нива” автомобильдерiн құрастырудан “Шкода” автомобилiн құрастыруға ауысу мәселесiн ойластыру керек.  

Сондай-ақ, “Қазақстан-КамАЗ” концернi зауытында жүк автомобильдерiн құрастыруды арттыра түскен жөн.  

Елiмiздiң экспорт әлеуетiнiң өсуiне индустрияның базалық салаларын, бiрiншi кезекте металлургия мен металл өңдеу саласын одан әрi дамыту оң ықпал етуi тиiс.  

“Испат-Кармет” құрышты үздiксiз құю жөнiндегi жобаны, сондай-ақ, мұнайгаз секторы үшiн құбырлар шығаруды iске асыруды жоспарлап отыр, “Қазақстан алюминийi” құны 800 миллион доллар шамасында болатын электролиз зауытын салу секiлдi үлкен жобаны жүзеге асыруға дайындалуда.  

Химия және мұнай химиясы өнеркәсiбiн дамыту басым бағытқа ие болуы керек.  

Қарашығанақ газ конденсаты кен орнында жобалық құны миллиард доллардан асатын газ өңдеу зауытын салу құрылысын бастау қолға алынды.  

Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру жобасын жүзеге асыруды жеделдету қажет.  

Жамбыл облысында кальциймен байытылған сода өндiретiн, Павлодар облысында хлорлы түйiршiктер шығаратын зауыттардың құрылыстарын бастау ойластырылуда.  

Астанада даму институттарының қатысуымен үй құрылысында ұялық бетон өнiмдерiн, шыны-пластикалық құбырлар шығаратын зауыттар салу, Ақтөбе қаласында шыны талшықты полиэфирмен берiктендiрiлген құбырлар мен фитингiлер шығаратын зауыт тұрғызу, Алматы облысының Абай кентiнде “Қазақстан қағазы” ЖАҚ тамақ өнеркәсiбi үшiн қағаз, гофрокартон ж¡не қағаз-картон өнiмдерiн өндiретiн зауыт салу, Шымкентте “Ютекс” ЖШС мақта талшығы шүйкелерiн шығаратын зауыт құрылысы аяқталуы тиiс.  

Бұл жетiстiктер индустриялық бағдарламаны жүзеге асырудағы оның бiрiншi жылының қорытындыларының бiр бөлiгi ғана.  

Бұдан басқа, бiзге инвестициялық ахуалды одан әрi жақсарту үшiн қажеттi шараларды қолға алу керек.  

Бiрiншiден, туындап келе жатқан инновациялық бизнестi қолдау қажет.  

Атап айтқанда, ғылыми зерттеулермен, жаңа технологияларды жасап және енгiзумен белсендi айналысып жүрген компанияларды ынталандырып отырған жөн.  

Екiншiден, инвестиция тарту үшiн салықтық преференцияларды ұсынудың жөн-жосығын өзгертудiң кезi келдi. Олар ұзақ мерзiмдi инвестицияларды ынталандыруды қамтамасыз етiп, жобалардың қайтарым мерзiмiн үйлестiрулерi тиiс.  

Әшiншiден, өндiрiстi жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыру жағдайларын айтарлықтай жақсарту мақсатында жақында лизингтiң м¯мкiндiктерi әжептеуiр жеңiлдетiлдi, ал, 2005 жылдан бастап амортизациялық төлемдерге деген фискальдi саясат қайта қаралатын болады.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында даму басымдықтарын айқындап алу өте маңызды. Әкiмет әлемдiк деңгейдегi сарапшыларды тартып, елiмiздiң артықшылықтарына қажеттi талдау жасау арқылы жылдың соңына дейiн нақты ұсыныстар тұжырымдауға тиiс. Бiздiң iс жүзiнде барынша тиiмдiлiк беретiн үздiк халықаралық тәжiрибелердi енгiзуiмiз қажет. Соның бiр мысалы индустрияны дамытуға кластерлiк тұрғыдан келу бола алады. Биылғы жылдың соңына дейiн бiздiң келешегi бар барлық қазақстандық, ауқымды өңiрлiк және аймақтық кластерлердi (бәсекеге қабiлеттi салалар жиынтығы) айқындап алуымыз қажет. Даму институттары болса, алдағы мiндеттердi жүзеге асырудың тиiмдi құралдарына айналуы керек. Инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын дамыту үшiн Алатау кентiндегi Ақпараттық технологиялар паркiн iске қосып, Орал мен Степногор қалаларында технопарктер құруымыз қажет. Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн отандық әлеуетiмiздi кеңiнен пайдалануымыз керек. “Байқоңыр” кешенiн жалға беруден түсетiн бiр сәттiк пайда табудан гөрi ғарыш айлағын жалға берудi ұзарту жөнiндегi келiсiмде көзделген Ресеймен бiрлескен ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға қарай ойысқанымыз өте-мөте маңызды. Мұның өзi бiздiң ғарыш жөнiндегi ғылымымыз бен жаңа технологиялардың дамуына ж¡рдемдесер едi. “Ангара” ғарыштық зымыран кешенiн құру осындай бiрiншi жоба болуға тиiс. Бiз қазiрдiң өзiнде 2006 жылы өзiмiздiң тұңғыш ғарыштық жер серiгiн ұшыру жөнiндегi жұмысты қолға алдық. Перспективалы бағыт – шетелдiң жетекшi банкiлерi және компанияларымен бiрлескен жобалар. Осы бағытта Даму банкi Еуропа қайта құру және даму банкiмен бiрлесе отырып “Солтүстiк-Оңтүстiк” электр желiсi магистралiнің құрылысын қаржыландыруға кiрiстi. Жобаның құны – 280 миллион доллар. Осы жылы “Қазақстан-Инжиниринг” ұлттық компаниясы бiздiң iрi машина жасау зауыттарымызды жаңғырту мақсатында “Сингапур Технолоджизбен” бiрлескен мекеме құрады. Бiз ауылшаруашылық және көлiктiк машина жасауды дамытуға ұмтылуымыз қажет. Атап айтқанда, Қостанайдағы дизель зауытының өнiмдiлiгiн арттырып, “Азия-Авто” зауытынан “Нива” автомобильдерiн құрастырудан “Шкода” автомобилiн құрастыруға ауысу мәселесiн ойластыру керек. Сондай-ақ, “Қазақстан-КамАЗ” концернi зауытында жүк автомобильдерiн құрастыруды арттыра түскен жөн. Елiмiздiң экспорт әлеуетiнiң өсуiне индустрияның базалық салаларын, бiрiншi кезекте металлургия мен металл өңдеу саласын одан әрi дамыту оң ықпал етуi тиiс. “Испат-Кармет” құрышты үздiксiз құю жөнiндегi жобаны, сондай-ақ, мұнайгаз секторы үшiн құбырлар шығаруды iске асыруды жоспарлап отыр, “Қазақстан алюминийi” құны 800 миллион доллар шамасында болатын электролиз зауытын салу секiлдi үлкен жобаны жүзеге асыруға дайындалуда. Химия және мұнай химиясы өнеркәсiбiн дамыту басым бағытқа ие болуы керек. Қарашығанақ газ конденсаты кен орнында жобалық құны миллиард доллардан асатын газ өңдеу зауытын салу құрылысын бастау қолға алынды. Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру жобасын жүзеге асыруды жеделдету қажет. Жамбыл облысында кальциймен байытылған сода өндiретiн, Павлодар облысында хлорлы түйiршiктер шығаратын зауыттардың құрылыстарын бастау ойластырылуда. Астанада даму институттарының қатысуымен үй құрылысында ұялық бетон өнiмдерiн, шыны-пластикалық құбырлар шығаратын зауыттар салу, Ақтөбе қаласында шыны талшықты полиэфирмен берiктендiрiлген құбырлар мен фитингiлер шығаратын зауыт тұрғызу, Алматы облысының Абай кентiнде “Қазақстан қағазы” ЖАҚ тамақ өнеркәсiбi үшiн қағаз, гофрокартон ж¡не қағаз-картон өнiмдерiн өндiретiн зауыт салу, Шымкентте “Ютекс” ЖШС мақта талшығы шүйкелерiн шығаратын зауыт құрылысы аяқталуы тиiс. Бұл жетiстiктер индустриялық бағдарламаны жүзеге асырудағы оның бiрiншi жылының қорытындыларының бiр бөлiгi ғана. Бұдан басқа, бiзге инвестициялық ахуалды одан әрi жақсарту үшiн қажеттi шараларды қолға алу керек. Бiрiншiден, туындап келе жатқан инновациялық бизнестi қолдау қажет. Атап айтқанда, ғылыми зерттеулермен, жаңа технологияларды жасап және енгiзумен белсендi айналысып жүрген компанияларды ынталандырып отырған жөн. Екiншiден, инвестиция тарту үшiн салықтық преференцияларды ұсынудың жөн-жосығын өзгертудiң кезi келдi. Олар ұзақ мерзiмдi инвестицияларды ынталандыруды қамтамасыз етiп, жобалардың қайтарым мерзiмiн үйлестiрулерi тиiс. Әшiншiден, өндiрiстi жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыру жағдайларын айтарлықтай жақсарту мақсатында жақында лизингтiң м¯мкiндiктерi әжептеуiр жеңiлдетiлдi, ал, 2005 жылдан бастап амортизациялық төлемдерге деген фискальдi саясат қайта қаралатын болады.

1.4. Аграрлық саясат  

Жоғарыда аталып өткендей, алдымызда елiмiздегi агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешудiң мiндетi тұр.  

Ол үшiн заң актiлерiнiң, бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет.  

Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру қажет.  

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн.  

Қазiргi заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығаруға болмайды.  

Ауылдық жерлердегi кедейшiлiктi жою үшiн шағын несиелер беру жұмысын кеңiнен өрiстету қажет, оның үстiне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсете де бiлдi.  

Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттiк аграрлық саясат бағдарламасы iске қосыла бастады. Мен перспективасыз аумақтарға мемлекеттiк инвестициялар тоқтатылатынын естерiңiзге салғым келедi.  

Аталған бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыру мақсаттарында Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитет құру қажет.  

Тұтастай алғанда, 2005 жылдың аяғында қабылданған аграрлық бағдарламаларды есепке ала отырып, ауылдың қалыпты өмiр сүруiн қамтамасыз ету, бәсекелестiкке қабiлеттi өнiм өндiру, импорт алмастыру және экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту үшiн қажеттi жағдайлар жасалуы тиiс.  

“Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы” Заң қабылдануына байланысты аграрлық секторда толықтай негiзгi заңдық база қалыптасқан деп есептеймiн.

Жоғарыда аталып өткендей, алдымызда елiмiздегi агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешудiң мiндетi тұр. Ол үшiн заң актiлерiнiң, бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру қажет. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн. Қазiргi заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығаруға болмайды. Ауылдық жерлердегi кедейшiлiктi жою үшiн шағын несиелер беру жұмысын кеңiнен өрiстету қажет, оның үстiне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсете де бiлдi. Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттiк аграрлық саясат бағдарламасы iске қосыла бастады. Мен перспективасыз аумақтарға мемлекеттiк инвестициялар тоқтатылатынын естерiңiзге салғым келедi. Аталған бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыру мақсаттарында Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитет құру қажет. Тұтастай алғанда, 2005 жылдың аяғында қабылданған аграрлық бағдарламаларды есепке ала отырып, ауылдың қалыпты өмiр сүруiн қамтамасыз ету, бәсекелестiкке қабiлеттi өнiм өндiру, импорт алмастыру және экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту үшiн қажеттi жағдайлар жасалуы тиiс. “Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы” Заң қабылдануына байланысты аграрлық секторда толықтай негiзгi заңдық база қалыптасқан деп есептеймiн.

1.5. Инфрақұрылым  

Өткен жылы Алматы-Астана және Астана-Бурабай автомобиль жолдары пайдалануға берiлдi. Жаңа жүрдек пойыз жолаушыларды Астанадан Алматыға дейiн 12 сағатта жеткiзедi.  

Қызылорда ауданында Сырдария үстiмен өтетiн көпiрдiң, Алматы әуежайында жолаушылар терминалының, Ұзындығы 402 шақырымдық аса маңызды “Алтынсарин-Хромтау” темiр жолының түйiсуi аяқталды.  

Үстiмiздегi жылы Астана халықаралық әуе жайының жаңа нысандары iске қосылуы тиiс, Ақтөбедегi ұшу-қону жолағының құрылысын бастау қажет.  

Сонымен бiрге, бiзге “Екiбастұз-Павлодар” темiр жол телiмiн электрлендiрудi, “Дружба” стансасының жүк тасымалын өткiзу қабiлетiн он миллион тоннаға дейiн ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет. Ақтау теңiз портын кеңейту жұмыстары жалғастырылып, Каспий теңiзiндегi Баутино және Құрық порттарының инфрақұрылымдары дамитын болады.  

Автомобль жолдары құрылыстарында халықаралық маңызы бар транзиттiк жолдарға, ең алдымен, “Челябi – Қостанай – Астана – Алматы – Қорғас” және “Самара – Шымкент – Алматы — Қорғас” бағыттарына бұрынғысынша басымдық берiледi.  

Жалпы алғанда, үстiмiздегi жылы автожолдарды жаңғырту мен жасауға 40 миллиард теңге, ал 2005 жылы – 55 миллиард теңге қарастырылған немесе 37,5 пайызға өсетiн болады.  

Мұнай тасымалдаудың баламалы бағыттарын да iске асырудың жұмыстары қарқынды жүргiзiледi.  

“Ақшабұлақ – Қызылорда” газ құбырының құрылысын аяқтап, Қызылорданы газбен қамтамасыз ету керек.

Өткен жылы Алматы-Астана және Астана-Бурабай автомобиль жолдары пайдалануға берiлдi. Жаңа жүрдек пойыз жолаушыларды Астанадан Алматыға дейiн 12 сағатта жеткiзедi. Қызылорда ауданында Сырдария үстiмен өтетiн көпiрдiң, Алматы әуежайында жолаушылар терминалының, Ұзындығы 402 шақырымдық аса маңызды “Алтынсарин-Хромтау” темiр жолының түйiсуi аяқталды. Үстiмiздегi жылы Астана халықаралық әуе жайының жаңа нысандары iске қосылуы тиiс, Ақтөбедегi ұшу-қону жолағының құрылысын бастау қажет. Сонымен бiрге, бiзге “Екiбастұз-Павлодар” темiр жол телiмiн электрлендiрудi, “Дружба” стансасының жүк тасымалын өткiзу қабiлетiн он миллион тоннаға дейiн ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет. Ақтау теңiз портын кеңейту жұмыстары жалғастырылып, Каспий теңiзiндегi Баутино және Құрық порттарының инфрақұрылымдары дамитын болады. Автомобль жолдары құрылыстарында халықаралық маңызы бар транзиттiк жолдарға, ең алдымен, “Челябi – Қостанай – Астана – Алматы – Қорғас” және “Самара – Шымкент – Алматы — Қорғас” бағыттарына бұрынғысынша басымдық берiледi. Жалпы алғанда, үстiмiздегi жылы автожолдарды жаңғырту мен жасауға 40 миллиард теңге, ал 2005 жылы – 55 миллиард теңге қарастырылған немесе 37,5 пайызға өсетiн болады. Мұнай тасымалдаудың баламалы бағыттарын да iске асырудың жұмыстары қарқынды жүргiзiледi. “Ақшабұлақ – Қызылорда” газ құбырының құрылысын аяқтап, Қызылорданы газбен қамтамасыз ету керек.

2. Адам ресурстарын дамыту

 

Қадiрлi қазақстандықтар!

 
Өткен жылдарда маған макросаясат туралы көбiрек айтуға тура келген. Өйткенi экономикалық саясаттың реформалануы мен қалыптасу мәселелерiн шешпей тұрып, нақты әлеуметтiк жетiстiктерге жету мүмкiн емес болатын.  
Бүгiн маған барша қазақстандықтарды қызықтыратын нәрселер туралы айту айырықша жағымды. Өйткенi тұрғын үй, бiлiм және денсаулық сақтау мәселелерi бiздiң әрқайсымызды да толғандырады.

*   *   *  
Жаһандану және күрделене түскен әлемдiк бәсекелестiк жағдайында қазақстандықтардың күш-қуаттық және санаткерлiк қабiлеттерi бiздiң жоспарларымыздың табысты болуына, ел экономикасының бәсекелестiкке төтеп беру мүмкiндiгiне және бүгiнгi жағдайда өмiр сүре алуына тұғырлы фактор болып табылады.  
Қазақстандықтар әлемдiк бәсекелестiктiң күрделi және ауыр процесiнде табыстарға жету үшiн халқымызға тән күштi рухын, денсаулығы мен бiлiмiн әлемге көрсетуге қабiлеттi ме?  
Бiз өзiмiздiң адамдық әлеуетiмiздi дамыту жолында алдымызда үлкен жұмыс тұрғанын мойындауға тиiспiз.  
Қазiр, елiмiзде экономиканың өсуi есебiнен қор жинақталған кезде, кейбiреулер масылдық пиғылмен өздерiнiң көптеген проблемаларын мемлекет есебiнен шешкiсi келедi.  
Бiрақ мұндай жол бiздi артқа қарай лақтырып тастайтыны анық. Мұны әлемдiк тарих дәлелдеген. Бұған орынды ой мен жеке тәжiрибемiз дәлел.  
Тегiн дүние мен жатыпiшерлiк құндылықтардың бәсiн түсiрiп, еңбектiң мәнiн кетiредi, адамды босаңсытып, оның өмiршеңдiгiн төмендетедi.  
Кейбiр мұнай өндiрушi елдерде жаңадан дүниеге келген сәбиге банкiлiк есеп-шот ашылатыны туралы бiзде талай рет айтылған-ды. Бiрақ өзiмнiң жақындағы Сауд Арабиясына сапарым кезiнде мен мұның олай емес екенiне көз жеткiздiм. Оларда масылдық көңiл-күй жоқ. Батыста да бала кезден бастап еңбекке деген құрмет, өзiнiң күнкөрiсiне, ата-аналары мен елiнiң әл-ауқатына қарамастан қаражат табуға деген ұмтылыс бойға сiңiрiледi.  
Сондықтан, адам өзiнiң дамуы мен кәсiптiк шеберлiгiн тұрақты түрде көтеру арқылы өзi және өз отбасын игiлiктермен қамтамасыз етуi тиiс.  
Және де оның өзектi проблемаларын шешуге мемлекет аз қатысқан сайын солғұрлым адамның өзiне пайдалы бола түседi.  
Егер сiздердiң естерiңiзде болса, 1997 жылдың өзiнде елiмiз дамуының 2030 жылдарға дейiнгi ұзақ мерзiмдi Стратегиясында адамдарға бiзде мұнайдан түсетiн табыс жоқ болғандағыдай жағдайда өмiр сүру ж¡не жұмыс жасауға үйрету мiндетi қойылған болатын. Сондықтан болашақ ұрпақ дағдарысты жағдайлар үшiн қаржы жинақтау қызметiн атқаратын Ұлттық қор құрылған едi.  
Мемлекет өзiнiң жасы келуiне және денсаулық жағдайына байланысты жұмыс iстей алмайтын ж¡не өз бетiнше табыс таба алмайтындарға ғана қамқорлық жасауы тиiс. Бұл бiздiң реформалардың басты принципi. Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабiлет-мүмкiндiктерiн көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуiне қамқорлық көрсетедi.  
Адам дамуының басты салаларында, таза ауыз су және инфрақұрылымдар қалыптастыру проблемаларын шешу аз кепiлдi стандарттарды қамтамасыз ету үшiн шешiм қабылдау және қаражат табу ғана мемлекеттiң иығына жүктеледi.  
Қазақстандықтардың орта мерзiмдiк перспективада бәсекеге қабiлетiн арттыру тұрғын үй құрылысында, денсаулық сақтау мен бiлiм беруде, әлеуметтiк қамсыздандыруда жүйелiк өзгерiстердiң жаңа саясатын талап етедi.

2.1. Тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты  

Соңғы кездерi тұрғын үй құрылысы проблемаларын шешудiң ықтимал жолдары белсендi талқылануда.  

Мемлекеттiк қайтарымсыз тұрғын үй салу идеясы бұрынғысынша күшiнде қалуда.  

Бар жауапкершiлiкпен мынаны мәлiмдеуге тиiспiн, тұрғындардың кейбiр жекелеген топтары болмаса, тұрғын үйдi тегiн беру деген болмайды.  

Тұрғын үй жекеменшiк болып табылады, демек, адамның өзiнiң жауапкершiлiгi саласына жатады. Бүгiнде елiмiздiң тұрғын үй қорындағы жеке меншiк үйдiң үлесi 97 пайызға жуық. Бұл бұдан әрi төмендемейдi.  

Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең басты проблема болып қалып отыр.  

Өткен жылы Қазақстанда екi миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл 2002 жылы пайдалануға берiлген үй санынан 30 пайызға көп. Алайда, осы қарқынның өзi бiздi қанағаттандыра алмайды. Есептеулер көрсеткендей, жыл сайын кем дегенде төрт миллион шаршы метр тұрғын үй салуға қол жеткiзу керек.  

Мен осы саланы бiздiң экономикалық дамуымыздың жетекшi саласының бiрiне айналдыру идеясын көптен айтып келемiн. Сiздер тұрғын үйлердi жаппай салу өзiмен бiрге құрылыс материалдары өнеркәсiбiн, жиһаз өнеркәсiбiн, металл өңдеудi дамытатынын түсiнесiздер.  

Осыған байланысты мен қазақстандықтарға 2005 жылдан бастап тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты iске асыру басталатыны жөнiнде үлкен қанағат сезiмiмен айта кеткiм келедi.  

Бұл саясаттың мәнi тұрғын үй құнының арзандауы, оны несиелеу мерзiмiнiң ұзартылуы, алғашқы төлем жарнасы мен несиелеу үстемесiнiң төмендетiлуi арқылы халықтың басым бөлiгiн тұрғын үйге қол жеткiзуге мүмкiндiк беру болып т

« Кері қайту