Жоба жайлы

«Жастар кадрлық резерві»

Табысты бол!

«Жастар кадрлық резерві» - бұл кәсіби жетілуге ұмтылған жас мамандардың республикалық деректер базасы.

Жобаның мақсаты - заман талабына сай басқарушыларды даярлау.

Жоба оқу орындарын бітірген жас мамандар арасынан басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, даярлау және тәрбиелеу, ел үшін аянбай еңбек етуге даяр Қазақстанның жастары арасынан кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған.

Резервке қалай тұруға болады?

  • Тіркелу www.rezerv.kz ресми сайтында анкета толтыруыңыздан басталады. Анкета толықтығы келесі кезеңге өтуге мүмкіндікті өсіреді. Бос жерсіз толтырылған анкета ең жоғарғы ұпайларды береді.
  • Өтініштер талапқа сай жіберілген жағдайда, қатысушы сұхбаттасу кезеңіне өтеді. Сұхбаттасуда қатысушыларға ойлау қабілеттерін тексеруге бағытталған сұрақтар қойылады. Өз жауаптарымен ерекшеленген жастар бірінші оқу кезеңіне жолдама алады.

Толығырақ http://rezerv.kz/ru/ сайтында