Жоба жайлы

«Жастар-Отанға!»

Жастар – келешегіміздің негізі.

 

Жоба «Мықты ұлт дегеніміз – мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға дайын тұратын жауапты азаматтар. Жастарды отаншылдықтың арқауына айналатын осынау құндылықтарды қастерлейтіндей етіп тәрбиелеу әрқашанда Қазақстанның табысқа жетуі мен өркендеуінің кепілі болмақ» деп атап көрсетілген «Нұр Отан» партиясының Доктринасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы Партияның XV съезінде партия басты патриоттық күш және Стратегия-2050-де, сондай-ақ «Нұрлы Жол – Путь в Будущее» Жолдауында жарияланған жаңа қазақстандық патриотизмнің жалпыұлттық орталығы болуы тиіс деп атап өткен болатын. Бұл қағида «Жастар - Отанға!» жобасының негізіне айналды.

Мақсаты:

жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау.

 

Міндеттері:

  • жастарды қоғамдық өмірге тарту тетігін әзірлеу;
  • жастарды әлеуметтік бейімдеудің жолға қойылған жүйесін қамтамасыз ету;
  • ақпараттық теңсіздік проблемасын шешу, жастардың жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және өзге бағдарламаларға қолжетімділігін кеңейту;
  • жас буынды рухани-адамгершілік және қоғамдық-құндылықтық тәрбиемен толыққанды қамту.

 

Іске асыру бағыттары:

  1. Жастар арасында қоғамдық-рухани құндылықтарды ілгерілету және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша жастардың ірі үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимылы.
  2. Жастарды қоғамдық қызметке тарту және еріктілер институтын қолдау 
  3. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастарға атаулы көмек көрсету.
  4. Жас өнертапқыштар мен новаторларға әлеуетті инновациялық жобаларын  алға жылжытуға қолдау көрсету.

 

Жоба менеджері: Чукеев Жанат, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының жастар жобалары бөлімі сарапшысы.

 

Байланыс мәліметтері: 8 - (7172) - 707 - 649