Жоба жайлы

«Сәтті қадам»

Жастар үшін үлкен мүмкіндік

«Нұр Отан» партиясының жұмысындағы басымдықтардың бірі «әлеуметтік саясат» болып табылады. Осы бағытты тиімді іске асырудың қажеттілігі негізгі құжатта –партияның Доктринасында  көрсетілген.

«Сәтті қадам» жобасын жүзеге асыру Партияның Саяси Доктринасында көрсетілген жалпы жетістік факторларының бірі – «Әділетті әлеуметтік саясат»-қа жетуге бағытталған, онда «мемлекеттік қолдау ең алдымен азаматтарды толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді араластыруға бағытталуы қажет» деп айтылған. Партияның жаңа саяси Доктринасында партияның құндылықтарына ерекше назар аударылған, «Сәтті қадам» жобасының негізгі мақсаттары «Адам» және «Болашаққа ұмтылыс» сияқты екі құндылыққа сәйкес келеді, олардың негізінде адам, оның қадір-қасиеті мен құқығы, сондай-ақ, әр азамат туғанынан дені сау болуға, білімді болуға, еңбек етуге, лайықты еңбек ақы алуға мүмкіндік беретіндей әлеуметтік және басқа да игіліктерге кепілді әрі тең тұрғыда қол жеткізе алуға тиіс.

Мақсаттар:

Жас мамандар мен жоғары оқу орындары және техникалық және кәсіптік білім беру түлектері қатарындағы жетім балалар мен мектеп түлектерін еңбекке әлеуметтендіру.

Міндеттер:

  • Астана мен Алматы қалаларындағы мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жас мамандарға тағылымдама ұйымдастыру;
  • ЖОО мен ТжКБ түлектері болып табылатын жетім балаларды жұмысқа орналастыру;
  •  Ұлттық Бірыңғай Тестілеу кезінде шекті деңгейге жетпеген мектеп түлектеріне әрі қарай оқуды жалғастыруға және/немесе жұмысқа орналасуға көмек көрсету.

Іске асыру бағыттары:

1. Жоба қатысушыларына өздерінің кәсіби әлеуетін жүзеге асырып, дамытуына мүмкіндік беру.

Жоба аясында сұхбаттасудан өткен қатысушылар үшін Меморандумға қол қойған серіктестер ішінен ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардарда тағылымдамадан өту орны ұсынылады.

2. ЖОО мен ТжКБ түлектері болып табылатын жетім балаларды  жұмысқа орналастыру.

Бұл бағыт шеңберінде (ЖОО мен ТжКБ түлектері) жетім балаларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілер, жергілікті уәкілетті органдар мен «Жас Отан» жастар қанатының филиалдары арасындағы шарттарды жасасу арқылы мемлекеттік және бизнес құрылымдарды жұмылдырып, көрсетілген мақсатты топтардың өкілдерін тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізіледі.

3. Ұлттық Бірыңғай тестілеу тапсыру барысында шекті деңгейге жетпеген мектеп түлектеріне әрі қарай оқуды жалғастыруға және/немесе жұмысқа орналасуға көмек көрсету.

Бұл бағыт шеңберінде, «Жұмыспен қамту жол картасы -2020», Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік бағдарламаларының құралдары арқылы «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы үшжақты Меморандум аясында мектеп түлектері арасынан ҰБТ шекті деңгейге жетпеген мектеп түлектеріне әрі қарай оқуын жалғастыруға және/немесе жұмысқа, орналастыруға көмек көрсету бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.

Жоба менеджері: Тулешова Дана, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының жастар жобалары бөлімі сарапшысы, Қуанышбекова Жансая «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының жастар жобалары бөлімі менеджері.

Байланыс: 8 7172 707 649