«Жастар Отанға!» Жастар саяси лагері, 2 күн 2013 жыл

Дәстүр бойынша лагерьдегі екінші күн серігу жаттығуларынан басталды. Жастардың ұшқырлы ойлауын дамыту мақсатында лагерь басшылары арнайы креативтік тренингтер өткізді. Сонымен қатар осы күні жасотандықтар «Жас-Отан!» ЖҚ Атқарушы хатшысы Сыдықов Нұрланмен кездесті. Әңгімелесу барысында жастардың, құрметті қонақтардың көңіл-күйі, жалындаған көздері, жүректерінде жанып тұрған алға ұмтылушылдық күші бүкіл залды толтырды. Кездесу барысында барлық қатысушыларға әр аудан және қала Атқарушы хатшылары таныстырылып, жастар саясатының бағыты мен бағдары, болашақ мақсаттары айтылды. Кешке жастар өз таланттарын ұйымдастырушылар комитеті мен өз топтарына ұсынды. Сахна төріне шыққандар өз өнерлерін, соның ішінде өлең айту, би билеу, аспаптарда ойнау мен әзіл-сықақ өнерінде қаншалықты өнерлі екендігін көрсете білді.

« Кері қайту