Қаратөбе жастары аудан әкімімен кездесті

611 16.11.2017

10-қараша күні «Жас Отан» ЖҚ, «Мұхит жастары» ЖҚБ, Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудан әкімі Асантаев Жанат Асылханұлы аудан және округ жастарымен жүздесті.

23600890_1956284138026227_162941741_o.jpg

Келелі кездесуде сөз алған Жанат Асылханұлы: «Ең бірінші жастардың арасында қандай мәселелер бар, және болашақта ауданда жастар үшін қандай істер атқарылуы керек? Сол мәселелерді жастардан естігім келеді. Ендеше ой-пікірлеріңізді айта отырыңыздар» деген әкім сөзіне жастар көкейлерінде жүрген өз сауалдарын жолдады. Қанша адам болса оның ойы да, пікірі де, көзқарасы да әр алуан болатындығы сөзсіз.

23633215_1956284118026229_1937683741_o (1).jpg

Бұл кездесуде жастар тұрғын үй мәселесі, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану т.б сұрақтар төңірегінде ой қозғады. Аудан әкімі жастардың өзекті сұрақтарына толыққанды жауап берді. 2 сағатқа созылған келелі кездесу арасында жастардың әуелеген әндерімен жалғасты. Әсем әуезден кейін, «Қаратөбе өңірі» газетінің бас редакторы Ертай Бимұханов сөз алып, жастарға авторлық өлеңдерін оқып, өз ойын жеткізді

23634301_1956284121359562_1581176466_o.jpg

Аудан басшысының балалық шағына, қызметке келу жолына қызығушылық танытқан жастарға әкім Ж.Асантаев тұшымды жауап беріп, ең бастысы - өз Отанын, отбасын, елін, жерін сүйіп, адал болуға шақырды. Сондай-ақ, еңбек адамының қандай болуы керектігі мен нағыз көшбасшылықтың негізі - жауапкершілікте, ұқыптылықта, өз ісіне тиянақтылықта екендігін жеткізді. Басқосу кезінде бірқатар толғақты мәселелер шешімін тауып, енді біразы кейінгі күннің еншісіне қалдырылды.

Екі сағатқа созылған кездесу естелік фотоға түсумен өз мәресіне жетті.