Талдықорғандық жастар Саят Медеуовпен кездесті

128 12.10.2017

2017 жылдың 10 қазан күні Талдықорған қаласының, Жастарға қызмет көрсету орталығында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" ЖҚ ұйымдастыруымен “Kz Star” жобасы аясында Жамбыл ауданының маслихат депутаты, қазақ эстрадасының әншісі Саят Медеуовтің студенттермен кездесуі өтті.

Халық қалауысы Жастарға қызмет көрсету орталығы ғимаратын аралап, орталық жұмысымен танысты. Кездесу барысында Саят Кабылұлы жастармен мәдени, қоғамдық, әлеуметтік салада атқаралып жатқан істер жайлы сөз қозғап, қазіргі таңда жастардың саясатта алар орны зор екендігін атап өтті және Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, тарихи ескерткіштерге, туған тілге, сонымен қатар ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық салт-дәстүрге құрмет көрсетуге шақырды. Белсенді жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауаптар алып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерімен бірге атақты әндерін айтып, рухани азық алып қайтты.

Сонымен қатар С.Медеуов мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүддесін қорғаушы «Асар» ҮЕҰ- на барып, ұжымның тыныс-тіршілігімен көріп, ұйымның бастамаларын қолдайтындығын және жақын арада мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында қайырымдылық концертін өткізетіндігін айтып кетті.

KqgK-xeNkDY.jpg

mxp00_Pc6Hc.jpg

xuvdy3-yQcM.jpg