«Табысты болашаққа кепілдік!» акциясы аясында білім беру депозиттері ашылады

73 06.9.2017

6 қыркүйек күні «Жас Отан» ЖҚ «Қаржы орталығы» АҚ бірлесе отырып «Табысты болашаққа кепілдік!» қайырымдылық акциясын бастады. Акция аясында Парламент депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының өкілдері Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МББЖЖ) аясында күнкөріс деңгейі төмен отбасыларынан шыққан балалардың атына білім беру депозиттерін ашады.

Іс-шараға ҚР Мәжіліс депутаттары, «Қаржы орталығы» АҚ, Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының, «Жас Отан» ЖҚ өкілдері қатысты.

МББЖЖ – бұл білім алудың қолжетімділігін арттыруға бағытталған ата-анасы/қорғаншысы өзінің немесе баланың атына МББЖЖ қатысушы-банкінде білім беру депозиттерін ашып, болашақта білім алуға 21 %-ға дейінгі жылдық табыстылықпен жинауға мүмкіндік алатын мемлекеттік шара.

Бүгінгі таңда «Бөбек» қоры 7,5 мың жетім балалардың атына салым ашқан жоба жүзеге асырды.

«Нұр Отан» партиясы фракциясының ҚР Парламент Мәжілісіндегі депутаттары 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Болашаққа салым жасаймыз» қайырымдылық жобасы аясында 2077 білім беру салымдарын ашқан болатын. Бүгінгі таңда МББЖЖ жүйесінде 17 000 салым тіркелген. Салым ашылған жетім балалар, сонымен қоса ата-анасының қарауынсыз қалған балалар жыл сайын 14%-ға дейінгі банктік сыйақымен қоса мемлекеттен 7% көтерме пайыз алады.

1.JPG

2.jpg