«Жастар-болашақ энергиясы!» облыстық еріктілер слеті өтті

112 02.10.2017

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен қазан айының 2 мен 3 күндері «Жастар-болашақ энергиясы» атты облыстық еріктілер слеті өткізіледі. Слет Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құрылған «Экспо-2017» еріктілер тобын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылуда. Еске сала кетсек, Қызылорда облысының «Экспо-2017» еріктілер тобы 2014 жылы құрылып табысты қызмет атқарып келеді. Еріктілеріміз Астана қаласында өткен еліміздегі айтулы әрі тарихи өткізілген халықаралық мамандандырылған көрмесінде тамыз айының 4 мен қыркүйек айының 10 күнге дейін еріктілік қызметтерін атқарған болатын. Облыстан аттанған 100 ерікті абыройлы қызмет атқарып, арасында 7 тим лидер сайланып облыстан Ибрагим Рауан республикалық еріктілер форумында, «Үздік ерікті» номинациясымен марапатталған болатын. Астана қаласында өткен еріктілер арасындағы футболдан турнирде, Сырдың еріктілері 2 орын иемденді.

2 қазан күні, слет аясында облыстық Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Экспо-2017» еріктілеріне арналып «Қазақстандағы еріктілер қозғалысы: өткені, бүгін, болашақ» және «Экологиялық ойлау» тақырыптары бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинарды еріктілер қызметін ұйымдастырудағы білікті маман, «Экспо-2017» еріктілері республикалық штабы төрағасының орынбасары Дәурен Жолдасбаев өткізді. Семинар барысында Дәурен Жолдасбаев еріктіліктің қоғамдағы маңызына әрі қоғамдағы мәселелерді шешудегі эффективті жолдарының бірі екендігін түсіндірді. Екінші тақырып бойынша табиғаттың тазалығынада еріктілердің қосатын үлесі зор екендігіне кеңінен тоқталды. Семинар соңында еріктілерге сертификаттар табысталды.

Бүгін А. Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде «Жастар-болашақ энергиясы!» атты облыстық еріктілер слеті өткізілді. Слетке Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Рүстемов қатысып, еріктілерді құттықтап әрі Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың алғыс хаттарын табыстады. Мұнымен қоса еріктілер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Слетте қызықты концерттік бағдарлама қойылып, Сырдың жас жұлдыздары, атап айтар болсақ халықаралық «Атамекен» байқауының лауреаты, Арайлым Махамбетжанова ән шырқады. Айтулы шарада еріктілерде өз өнерлерін ортаға салды, әрі еріктілер облыстық өлкетану мұражайына «Экспо-2017» еріктілерінің киім үлгісін және үндеу хатын табыстады. Слет соңында еріктілер көтеріңкі көңіл-күймен «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің гимнін бірге шырқады. 2.JPG

1.JPG

3.JPG