Оралда «Патриоттық тәрбие- отаншылдық кепілі» атты соғыс ардагерлерімен кездесу өтті

218 23.9.2017

Еліміздің ертеңгі сенімі- жас ұрпақтың бойына туған жерге, халқына деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында 22 қыркүйек күні «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің» студенттері арасында «Патриоттық тәрбие- отаншылдық кепілі» атты тақырыбында кездесу өтті. Шараға Ауған соғыс ардагерлері Пимонов Олег Викторович пен Габбасов Алимжан Ғұмарұлы және Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Сарсенгалиев Мұратбек Жұмагелдіұлы қатысты.

Шара Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен ағымдағы оқу жылынан бастап облысымыздағы барлық оқу орындарында патриоттық бағытта ҰОС ардагерлері тыл ,еңбек сонымен қатар және ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер мен дискуссиялық еркін пікірлер өтіп келеді. Мұндай игі істер жастардың бойына патриоттық тәрбиені сіңіріп, елін қорғауға, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап түсіндіруге өз септігін тигізері анық.

bVWmWfYORD8.jpg

KLwdCMLt1Cw.jpg

l3ztMXzu0_w.jpg

-vBFie8DiVw.jpg