Оралда жастар арасында КТК фестивалі өтті

630 13.11.2017

**Батыс Қазақстан облысының КВН Лигасы «БҚО Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» ЖҚБ жобасы.

Фестиваль Лиганың бастапқы ойыны ретінде ұйымдастырылды. Ойында «Сборная истфака ЗКГУ» командасы, Рубеженск колледжінің «На Рубеже» командасы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Исключения из правил» командасы, М. Өтемісов атындағы БҚМУ «FeeloManky» командасы, «Сборная Кушум» командасы, №9 ЖОББМ «Мечта» командасы және «Прогресс» командасы бақ сынасты. Олардың арасында көп уақыттан бері ойнап, біраз фестивальдар мен ойындарға қатысып үлгерген тәжірибелі командалар да, өздеріне бұл істен жаңа әрі жақын бағытты таба білген командалар да бар.

IMG_0449 (1).jpg

Әділ қазылар алқасы құрамындар КВН ойындарының ардагерлері Алтынбек Крыкбаев, Данияр Исқали және Биғасыр Азмуханбетовтер болды. Ал жас ойыншыларға дем беріп қолдау көрсеткен қазылардың құрамын «FRESHCITY» журналының бас редакторы Аида Боранкулова мен «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ төрағасы Жолдасқалиев Нұрғали толықтырды.

Қалың көрерменнің арасынан облысымыздағы КВН ойындарының ардагерлері КВН Юрий Дружинин, Леонид Юркин, Александр Петренко, Иван Резанцев, Роман Железновтарды көргенімізге қуанышытымыз.

IMG_0537.jpg

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар 1/4 ойынға жолдама алды. Сонымен қатар ойынның жеңімпазы ретінде «Прогресс» командасы танылса, «Үздік ойыншы» номинациясын №9 ЖООББМ оқушысы Тупешова Алина жеңіп алды.

Дәл осындай бағытта лигамызды әрі қарай жалғастыратын боламыз. Келесі кезеңдерде осал командалар ойынмен қоштасатын болады. Ал біз лиганың қорытындысы бойына облысымздағы Орысша КВН Лигасының үздіктерін анықтайтын боламыз.


IMG_0438.jpg