Оқушылар арасында «Жемкорлықсыз әлем – Мир без коррупции!» атты эссе конкурсы Петропавлда өз мәресіне жетті

549 24.11.2017

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында СҚО «Жас Отан» корпоративті қоры Жастар саясаты мәлелері басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы ғимаратында «Жемкорлықсыз әлем – Мир без коррупции!» атты оқушылар арасындағы мемлекеттік және орыс тілінде өткен эссе конкурсының қорытындысы шығарылды.

1KxsrG8I1bs.jpg

Сайысқа тек Петропавл қаласының құрмалары ғана емес, сонымен қатар облыс аудандарынан да қатысты.

Байқаудың мақсаты жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру.

Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» Қорының директоры А.Кайроллаев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері бойынша бас маманы Р.Самаев, Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бөлімінің бастығы С.Айдарбеков баяндама жасады.

Te5O5BI-X7E.jpg

Жүлделі орындар келесі ретте өз шешімін тапты: 3 орын - Зиятдинова Жібек пен Токарев Арина, 2 - Туяков Адилет пен Ускакова Дария, 1- Габдулин Азат пен Кузнецова Анастасия. Ал Гран-при иегерлері болып Макенова Айгерим мен Давлетгирева Диляра атанды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.