"Жүрегіңнен жылулық сыйла! атты қайырымдылық концерті өтті

579 16.11.2017

"Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің" демекші аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық , "Сырым жастары" ЖҚБ және ауданымыздың белсенді жастарының ұйымдастыруымен өмірдің қиыншылығымен күресіп, туғанынан көз жанарынан айырылған Қособалық бүлдіршін Райым Раянаны мен оның ата-анасын қолдау мақсатында "Жүрегіңнен жылулық сыйла!" атты қайырымдылық концерті өтті.

DSC_0639[1].JPG

Раяна Райымға дәрігерлер көз тамырларының дамуы тежелген, яғни шала туылған нәрестенің ретинопотиясы (ретинопатия недоношенных) деген диагноз қойып отыр. Қайырымдылық концертке аудан жастарымен қатар, көршілес Қаратөбе ауданының жастары да қолдау көрсетті. Қайырымдылық концертінде шалқыған би де, күмбірлеген күй де, асқақ ән де шырқалды. Шара соңында тұрғындарға сатылған концерт билетінен түскен қаражат пен қайырымдылық бұрышына қойылған арнайы жәшікке жиналған қаржыны тұрғындар арасынан комиссия құрылып, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Д.Тайшиев Раянаның анасына табыс етті.

DSC_0680[1].JPG

Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық , алақандарынан жылулық сезім күткен жандарға қолдау көрсету - біздің басты борышымыз. Бүгінгі жас - Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның бірден-бір тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шығуына аз да болса көмегіміз тисе, бұл біз үшін үлкен қуаныш.

DSC_0860[1].JPG