«Латын әліпбиіне көшу» атты облыстық пікір-сайыс бәсекесі өтті

407 05.10.2017

2017 жылдың 28 қыркүйек күні, Талдықорған қаласы Жастарға қызмет көрсету орталығында Шешендік өнер бойынша вебинар-тренинг және «Латын әліпбиіне көшу» атты облыстық пікір-сайыс бәсекесі өтті.

Ақтау қаласынан «Mr.President» шешендік өнер акедемиясының жетекшісі Хасанов Қайрат Нұрланұлымен скайп желісі арқылы вебинар-тренинг өткізілді. Бір жарым сағаттық вебинар барысында Хасанов Қайрат аудитория алдында қалай сөйлеу керек, өзіңе деген сенімділікті ояту туралы және шешендік өнердің қыр-сырымен бөлісіп, болашақта жастарға керек ақпаратпен бөлісті.

Вебинар-тренингке қаламыздың мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арнайы вебинарды тыңдауға келіп қатысты. Вебинардан кейін Американдық парламент форматында «Латын әліпбиіне көшу» тақырыбында пікір-сайыс өтті. Пікір-сайысқа «YERKIN» шешендік өнер академиясынан, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен және Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясынан қатысты. Пікір-сайысқа Алматы облысының Дін істері басқармасы және Тілдерді дамыту басқармасынын мамандары төрелік етіп, шараның соңында естелік суретке түсті.

22045611_872938312870786_4160853346571731878_n.jpg

22089050_872938326204118_6110361262776131837_n.jpg

22140759_872938136204137_2806509818196052480_n.jpg